емтихан

Сайлаубек Сымбат

Саламатсыздарма!!!!! Менің сұрайын дегенім егерде емтихан тапсыра алмаған жағдайда оны кайтадан тапсыруға болама ,яғни кредит төлемей тапсыруға бір мүмкіндік бере аласыздарма.

Жауап: 

Құрметті Сайлаубек Сымбат! Емтихан тапсыра алмаған жағдайда оны қайтадан тапсыруға болмайды. Қайта тапсыру тек ақылы негізінде жазғы семестрде болады. Жазғы семестр – студенттердің қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы академиялық айырмашылықты немесе академиялық қарызды жою үшін, игерген кредиттерді өз ЖОО-да міндетті түрде қайта есепке алынатын жағдайда басқа ЖОО-да оқу пәндерін оқып-үйрену үшін, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 аптада ұйымдастырылатын академиялық кезең.