Тарихты тану-тағылым

12.05.16

Тарихты тану-тағылым

ОҚМПИ-да тарих пәнінен  оқушылар мен студенттер арасында білім олимпиадасы өтті. Осымен бесінші рет ұйымдастырылған  білімділер сайысы "Тарихтағы тұлғалар"  тақырыбын арқау етті.  Оған Шымкент, Түркістан қаласы мен Сайрам, Түлкібас Ордабасы ауданынан 28 мектептің оқушысы және 1 орта арнаулы оқу орны, 3 ЖОО студенттері қатысты. Студенттер арасындағы Олимпиадада  ОҚМУ студенті  Розмат Хабибуллаев өзгелерден дара шықты. Ал екінші орынды институтымыздың  шәкірттері Берік Дауылов пен Лаура Құрбаналиева еншіледі. Оларға "Эврика" сауда үйі атынан жүлдеге смартфон мен планшет табыс етілді. Ал  оқушылар арасында бас жүлдені Шымкенттегі Г. Титов атындағы мектептің 11 сынып білімгері Даниил Чумаков жеңіп алды. Ол енді Ресейдің Қазақстандағы бас консулдығының демеушілігімен Ресей қалаларын аралап шықпақ. Мұнан кейінгі екінші және үшінші орындарды Назарбаев зияткерлік мектебі және облыс орталығындағы №23,№30 орта мектептердің шәкірттері өзара бөлісті.