Дарын 2016

06.05.16

Дарын 2016

ОҚМПИ -да облыс мектептерінің 11-сынып бітірушілерінің арасында облыстық «Дарын-2016» жас орындаушылар мен жас суретшілер фестивалі өткізілді.   Ол музыка және бейнелеу өнері бойынша екі бағытта ұйымдастырылды. Жас орындаушылар байқауына  25 үміткер қатысты. Ол эстрада жанрында екі ән, аспаттық орындауда екі шығармадан орындады. Байқау қорытындысында 1-орынды Досқара Ақерке(эстрада), Жолдас Ерлан (аспаптық орындау);  2-орынды Дүйсенхан Бекзат (эстрада), Сейт Құндыз (аспаптық орындау); 3 орындыЕралы Эльмира мен Атамбаев Бағдат (эстрада) иеленді. Ал жас суретшілер сайысына Түлкібас, Созақ, Төле би ауданы мен Шымкент қаласынан 22 шәкірт өз жұмыстарын ұсынды. Фестивальде   5 кескіндеме, 11 сурет, 5 сәндік қолөнер бұйымы мен дизайн бойынша 1 шығармашылық жұмыс сараланды. Сараптау қорытындысы бойынша  1-орынды Пернесейіт Нұрсұлтан (сәндік қол өнері), 2-орынды Керім Ахан (сурет), 3-орынды Зияев Бақытжан (сурет) иеленді.