Жас маман-ел тірегі

05.05.16

Жас маман-ел тірегі

«Педагог мамандығын таңдаған талапкерлердің емтихан тапсыруы және ОҚМПИ бітірушілерін  жұмыспен қамту  туралы.» Білім ордасында осы тақырыпта аймақтық семинар өтті. Оған аудандық, қалалық және облыстағы білім бөлімдері мен басқармалырының басшылары қатысты. Басқосуда  жас мамандардың жұмысқа орналасуы кезінде кездесетін кедергілер сөз болып, оны  жою жолы қарастырылды. Сондай-ақ болашақ педагогтарды дайындаудағы жеткен жетістіктер мен кемшіліктер сараланды.

Биыл ОҚМПИ-ын 23 мамандық бойынша 921 студент бітіргелі отыр. Оның ішінде күндізгі бөлімде оқыған 154 түлектің 110-ы ауыл квотасы бойынша жұмыспен қамтылмақ. Мұнан бөлек физика, математика, химия, психология, бастауышта оқыту әдістемесі мамандығын үш тілде меңгерген түлектер де түгелдей жұмысқа орналаспақ.