Қазақстан келбетін әлемге паш етер «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне ат салысамыз.

04.05.16

Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік Педагогикалық институтына жиналған жаһан ғалымдары айтулы шараға дайындықты пысықтады. Ғылыми жиынға Ресей, Беларусь, Өзбекстан сынды мемлекеттердің ғұламалары арнайы келіпті.

Келесі жылы елімізде өтетін «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне сәттілік тілеп, қазақстандық тараптың ауқымды шараны абыроймен өткеретініне сенім білдірді. Жиын барысында сондай-ақ, оқу орнының негізін қалаған білікті педагог Қалдыбай Бектаевтың да еңбектеріне талдау жасалды.

Түркі тілдерін зерттеуде математика және кибернетикалық әдістерді тұңғыш рет қолданған ғалымның өнегелі өмірі өскелең ұрпаққа үлгі етілді.  Биыл осымен, екінші рет өтіп жатқан конференцияға 400-ге тарта баяндама түсті. Бұл өткен жылға қарағанда едәуір көлемді.