Тарих – өткенге таразы, ертеңге болжам

04.05.16

Бұл түптеп  келгенде, тәуелсіздігіміздің баянды болуының кепілі». Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтында болған конференцияда тарихшылар осылай деді. Республика аумағынан келген ғалымдар тәуелсіздік жайлы орамды ойларын жеткізіп, отандық тарихты зерделеді. Өскелең ұрпақ тарихтан қаншалықты хабардар?.. Бұл - алқалы жиында талқыланған негізгі мәселе. Отан тарихы отаншылдық рухты биік етеді, - дейді қазақтың аңыздағы керегін, ауыздағы дерегін жиған білімпаздар. Мұнда мектептер мен ЖОО –ы қабырғасында тарих пәнін оқыту деңгейі әлі де төмен екені тілге тиек етілді. Жиын барысында ғалымдар тарихтан сыр шертер мағыналы баяндама оқыды. Ұстаздар қауымына елдікті, теңдікті сақтап қалу жолында жауапты  жүк артылды. Тарих – халықтың жады мен зердесі. Ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен келген ұлы дала елінің ұрпақтары өткенді біліп, содан ой түйіп, тәуелсіздік туын биік етсе, игі.