Алғыс күні жастармен жасампаз

04.05.16

Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтында бас қосқан білікті ұстаздар осылай деп, топшылайды. Олар осы мақсатта студент жастарға Елбасының бейбітшілік пен келісім саясатын кеңінен насихаттады.  Юлдуз Сулайманова – өзбек диаспорасының өкілі. Оқу озаты математика мамандығы бойынша 3 курста оқиды. Қазақстанда туылған ол көңілі дархан негізгі ұлттың ыстық ықыласына дән риза.   Бүгінде оқу ордасында 3500-ға жуық студент түрлі мамандық бойынша білім алады. Олардың  250-і өзге ұлттан. Басым бөлігі - өзбек, тәжік, башқұрт, татарлар.   «Алғыс күні» - айтулы мереке. Оны АҚШ және Канада елдері ертеден тойлайды. Қараша айының әр төртінші бейсенбісінде мұндағы халық көл-көсір дастархан жайып, ортақ тіл табысқан жандарын іздейді. Ізгі лебіз айтып, ілтипат танытады. Тосынсыймен қуантуға тырысады. Бұл  олар үшін – ұмытылмас ұлттық мереке. Жұғысты болсын, бізге де!