Шымкенттік ұстаздар «100 нақты қадамға» негізделген энциклопедия жазуда

04.05.16

Шымкенттік ұстаздар «100 нақты қадамға» негізделген энциклопедия жазып жатыр. Онда 5 институционалдық реформаны жүзеге асыруға арналған Ұлт жоспарының барлық саласы қамтылмақ. Жол картасы үш тілде жарық көреді. Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының ұжымы Елбасы ұсынып отырған «Білім мен ғылым және инновация» үштігі қазақ елін әлемдік білім беру үрдісінен бір саты да кем түспейтін деңгейге жеткізуді көздейді дейді. Қазір институтта 23 мамандық бойынша 3 мыңнан астам шәкірт білім алып жатыр. Оқу орын қабырғасында жүріп, бірқатары білімін шетелде жетілдіріп қайтқан. 2015-2016 оқу жылында Эстония, Болгария, Түркия, Ресей мемлекеттерінің жоғарғы оқу орындарымен ынтымақ орнату үшін келісімшарттар жасалыпты. Оңалбай Аяшев, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры: - Жол картасы ретінде үш тілде үлкен энциклопедия дайындап жатырмыз. Бұл – бүкіл Қазақстанда жасалып жатқан алғашқы энциклопедия.