Жұмыссыздықпен күресудің жолы – жауапкершілікті арттыру 16:14, 4 сәуір 2016 Басып шығару 176 - просмотров Болашақ мамандарды бірінші курстан-ақ жұмыспен қамтуды қолға алу керек.

04.05.16

Жұмыссыздықпен күресудің жолы – жауапкершілікті арттыру 16:14, 4 сәуір 2016 Басып шығару 176 - просмотров Болашақ мамандарды бірінші курстан-ақ жұмыспен қамтуды қолға алу керек. 0:002:08 Жұмыссыздықпен күресудің жолы – жауапкершілікті арттыру Сонда қолында дипломы бар жұмыссыздар болмайды. Биылдан бастап, тың тәсілді қолға алған Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік институтының ректоры Оңалбай Аяшев журналистермен болған брифингте осылай деді. Педагогика ғылымдарының докторы сондай-ақ,  білім жүйесіне енгізіліп отырған жаңа өзгерістер жайында да ой бөлісті. Оқу ордасы басшысының айтуынша, былтыр осы білім ошағын тәмамдаған түлектердің барлығы жұмыспен қамтылған. 27 бітіруші Солтүстікке аттанса, қалғаны осында қызметке кірісіпті. Ал, биылғы бітірушілердің бүгінде 80 пайыздан астамының жұмысы дайын. Қалғанына қатысты мәселе бақылауда тұр. Оңалбай Аяшев, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры; Қалғаны - 11 пайызы. Оның ішінде сырттай оқитын студенттер, қашықтықтан оқитын студенттер де бар ғой отбасылы. Олардың он бір пайызы декретте отыр. Енді осы 8 пайызы таңдау үстінде. Оларды да біз осы апрель айында толық орналастырамыз деп үміттеніп отырмыз. Орналастырамыз. Ал, еліміздегі білім жүйесіне қатысты өзгерістер туралы ой қозғаған ректор бұл жағдайдың күрделі екеніне тоқталды. Пайымынша, білім саласы бойынша көтерілген тың бастамалар мейлінше  дұрыс.  Алайда, оны жүзеге асыру үшін мемлекет тарапынан білім саласына бөлінетін көңіл жоғарылауы керектігін жеткізді. Оңалбай Аяшев, Оңтүстік Қазақстан Мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры; Біз осы жүйеге көшеміз. Бізде осылай деп айту оңай. Бірақ оны іс жүзінде жүзеге асыру күрделі шаруа. Біріншіден, мынау мектепке дейінгі тәрбие, әлеуметтік мәселені шешу керек. Екіншіден: бас бағдарды, бас міндетті мынау жалпы білім беретін мектептерге бөлу. Бұл бүгін ғана қолға алынған жұмыс емес. Жемісті екенін дәлелдеген жоспар. Осылай деген Оңалбай Аяшев мектептердегі кадрлар біліктілігі мен жауапкершілігін артырып отыруға бағдар сілтейді.   МАҚСҰТ АЙТЖАНОВ