Студенттер Елбасының "Бейбітшілік. ХХІ ғасыр" атты манифестін талқылады

03.05.16

     Студенттер Елбасының "Бейбітшілік. ХХІ ғасыр" атты манифестін талқылады

    Оңтүстік Қазақстан облысындағы бірқатар  жоғары оқу орындарының студенттері Елбасының "Бейбітшілік. ХХІ ғасыр" атты манифестін талқылауға  ОҚМПИ-ның Назарбаев орталығында жиналды.  Аталған іс-шараға Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ, М.Әуезов атындағы ОҚМУ, Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар Достығы университеті, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтикалық академиясы т.б. жоо белсенді студенттері, «Жас Отан» Жастар қанаты ОҚО филиалының жетекшілері қатысты.