КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

28.04.16

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ ЖҰМЫСЫ БАСТАЛДЫ

Биология факультетінің оқытушылары өңірдің ауыл-аймақтарында болып, орта мектепті бітіруші түлектермен кездесу өткізді. Олар шәкірттерге оқу ордасының тыныс-тіршілігін  кеңінен таныстырып, мамандық таңдау аса жауапты іс екенін ұғындырды. Бұл орайда ОҚМПИ - бүгінгі заман талабына сай білікті ұстаз даярлайтын түстіктегі бірден-бір оқу ордасы саналады. Кездесу барысында мектеп түлектеріне жарнамалық қағаздар үлестіріліп, сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысы бойынша үлкен өмірге қадам басқалы отырған жастардың басым бөлігі жоғары білім алу үшін  ОҚМПИ-ді таңдағаны белгілі болып отыр.