Үш тілді білім беру

style="display:block"
data-ad-client="ca-pub-8333576504124588"
data-ad-slot="5200371979"
data-ad-format="auto">

ОҚМПИ-да үштілде білім беру жүйесі

Тәуелсіздік тізгіні қолымызға тиіп, егеменді ел болған алғашқы күндерден бастап-ақ елімізде тіл саясаты Мемлекет басшысы Н. Назарбаевтың тікелей басшылығымен салиқалы да, сындарлы түрде жүзеге асырылуда.

Елбасы жыл сайынғы Қазақстан халқына арнайтын дәстүрлі жолдауларында да тіл саясатына, оның ішінде қоғамдағы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мәселесіне көңіл бөлген болатын.

Білім мен ғылымның, экономиканың, бизнестің, саясаттың, жалпы бәсекелестіктің қарыштап дамып отырған бүгінгідей жаһандану кезеңінде Елбасы көрегендік танытып, алдымызға үш тілді білу қажеттігін қойып отыр. Әсіресе, өскелең ұрпақ пен  жастар алдында бірнеше тіл білу міндеті тұр.

Мемлекет басшысы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан халқы бүкіл әлемде үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі — ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі —жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі”, — деген болатын.

 Президент Нұрсұлтан Назарбаев биылғы халыққа арнаған “Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру — мемлекеттік саясаттың басты мақсаты” атты Жолдауында Үкіметтің алдына “Тілдердің үш тұғырлылығы” мәдени жобасын іске асыруды жеделдету міндетін қоя отырып, бүкіл қоғамымызды топтастырып отырған мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілін оқыту сапасын арттыру қажеттігіне ерекше назар аударды.

«Болашақ» халықаралық стипендиясының мерейтойлық форумында Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды толеранттылық пен үш тұғырлы тіл саясатын дамытуға шақырды.Әлемде жарыққа шығатын 10 млн кітаптың 85%-ы ағылшын тілінде шығады. Ғылым, даму, ақпаратты технология – барлығы да ағылшын тілінде етек жаюда. Қазақстанда 3500 шет елдік компания жұмыс істейді. Олармен біз ағылшынша сөйлесеміз, осы тіл арқылы өндіріс күшімізді көтереміз», - деді Елбасы.

Еліміздің дамыған 30 елдің қатарына кіруге және Болон бастамасының мүмкіндігін жоғарылату, академиялық ұтқырлық пен білім беру бағдарламаларын жүзеге асыру үшін ЖОО-да көптілді білім беру жүйесін құру білім беру саласының бәсекеге қабілетті факторларының бірі болып табылады.

«ҚР білім беруді дамытудың  2015 жылға дейінгі консепциясына» сай Оңтүстік Қазақстан    мемлекеттік  педагогикалық институтының Ғылыми Кеңесінің шешімі (ҒК №3     28.12.12ж) негізінде көптілді білім беру жүйесі 2012-2013 оқу жылынан бастап қолға алынып  5В011200-«Химия», 5В011300- «Биология» мамандықтары бойынша 3 топ ашылды.

2013-2014 оқу жылында Информатика, Химия, Биология мамандықтарының бірінші және екінші курс студенттерінен 5 топ құрылып, оларға 14 пән ағылшын тілінде берілді. Осы топтар үшін оқу бағдарламаларын әзірлеу барысында Назарбаев университеті, Рединг университеті, Кембридж университетінің оқу бағдарламалары негізінде жасалып, жоғары курстарда аталған ЖОО-дан дәріс оқитын профессор-оқытушылар институттқа шақырылды. Тілді жеткілікті деңгейде игеру мәселесін шешу үшін студенттерге және қалауы бойынша өзге де оқытушылар үшін ағылшын тілін үйрету курстары ұйымдастырылды.

ҚР БҒМ-нен бөлінген қаражатқа 2013-2014 оқу жылының басында Латвияның Рига қаласында орналасқан Халықаралық Балтық академиясына бір семестрге 9 студент оқуға жіберілді.

Мюнхен Техникалық университетінің шақыруы бойынша оқу үдерісін жетілдіру үшін компьютерлік бағдарламаларды  қолдана  отырып дәріс және зертханалық сабақтарда презентация даярлау, сонымен қатар халықаралық пәнаралық зерттеу жобаларын және PhD  курстарын талқылау үшін институттың үш оқытушысы семинарға  қатысып, сертификатпен оралды.

Халықаралық ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту үшін Греция еліне, Невада штаты, Лас Вегас қ., Индияға, Германия еліне  іс-сапарлар ұйымдастырылды.

Нидерландыда «Педагогика, дидактикалық дағдылар және білім саласын басқарудағы оқу жүйесін Қазақстанда модернизациялау» тақырыбы бойынша магистр Л.Қанаева, Ұлыбританияда магистр А.Ділдабекова  дәріс алып, сертификатпен оралды.

 «Болашақ» ассоциацисының «Болашақ сабақтары» атты жылдық акциясы негізінде институт студенттеріне «Болашақ» бағдарламасының стипендиаты Нысанбаева Баянмен кездесу ұйымдастырылды. Кездесу барысында «Болашақ» бағдарламасы аясында шетелде білім алу жолдары, мүмкіндіктері, ерекшеліктері туралы баяндалды, студенттеріміз сұрақ қоя отырып көп мағлұмат алды.

2013-2014 оқу жылышетелдікжоғары оқуорындарынан беделдівизитинг-профессорлар шақырылып институт студенттеріне дәріс берді. Олар:

1.Вальтер Фризен- Философия ғылымдарының кандидаты Дортмунд қ., Германия.

2. Радюк Светлана Николаевна- Биология ғылымдарының докторы АҚШ, Даллас Оңтүстік Методист университеті.

3. Йеско Шмоллер - Этнолог, әдебиетші, PhD Берлинқ., Германия, Гумбольдт университеті

4.Свитлана Любчик - PhD, Профессор, Лиссабон , Португалия, Нова университеті

5. Сиддхарт Саксена- PhD, профессорКембридж қ., Улыбритания, Орталық Азия бойынша кембридж форумы.

6. Клаус-Петер Эйхлер-профессор, математика ғылымдарының докторы, Германия,Швебиш-Гмюнд педагогикалық университеті.

Ұлыбританияда Оксфорд қаласының әкімшілігі мен Europe Business Assembly ұйымдастырып отырған «Оксфордтық Көшбасшылар Саммитіне» ОҚМПИ-дың сырттай қатысуы ұйымдастырылды. Осының нәтижесінде «Үздік аймақтық институт» («Best Regional Institutes») сертификаттарымен марапатталды.

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында IELTS халықаралық тестіне тіркеу және қабылдау орталығы ашылып жұмыс жасады. Бұл Оңтүстік Қазақстан облысы  мен Шымкент қаласының  тұрғындарына арналған алғашқы орталық болды.

ОҚМПИ қызметкерлері мен студенттерін ағылшын тіліне үйрету мақсатында «Ағылшын тілінің репетиторлық сабақтары» және ағылшын тілінде еркін сөйлеу қабілетін дамыту мақсатында институт қабырғасында  «English club» орталығы  ашылды. Клуб өз жұмысын АҚШ-тан 3 ерікті тұлғалардың  (волонтер) қатысуымен жүргізді.

2014-2015 оқу жылында жоғарыда аталған үш  мамандыққа  «Тарих», «Педагогика және психология», «Физика», «Математика» мамандықтары қосылып, соңғы үлгідегі ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялар мен компьютерлік үлгілердің инновациялық түрлерін пайдалану арқылы үш тілде – қазақ, орыс және ағылшын тілінде білім беру процесі жүргізілді. 8 мамандықтағы  12 топта  көптілді білім беру бойынша 119 студент білім алды.

ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасының негізгі индикаторларының бірі – адамдарды қазіргі әлеуметтік-саяси жағдайларға үйренуін «Көптілділік - көпмәдениетті тұлғаны қалыптастырудың негізі» қағидасының өзектілігі. Білім берудің құрамдас бөлігі болып саналатын көптілділік күннен күнге жоғары қарқынмен дамып келе жатқандықтан, институтта көптілді топтардың саны көбейіп, ПОҚ-ның ағылшын тілін меңгеруге қызықшылығы артуда.

2015-2016 оқу жылында 4 факультетте 8 мамандықта  18 топта  көптілді білім беру бойынша 186 студент білім алды.

2015-2016  оқу жылынды үш тілдік топтарда ағылшын және орыс тілінің сапасын арттыру мақсатында бірінші және екінші курс студенттеріне “Шетел тілдері” және “Қазақ және әлем әдебиеті” кафедрасының ОПҚ көмегімен қосымша тегін курстар ұйымдастырылды.

Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институтының ұйымдастыруымен барлығы 2013 жылдан бері 182 ОПҚ біліктіліктерін арттырды.   Соның ішінде :

  • 4 оқытушы Германия мемлекетінің  Халықаралық  технология және менеджмент академиясында,
  • 5 оқытушы Ұлыбритания мемлекетінің  Ньюкасл университетінде,
  • 21 оқытушысы Испания мемлекетінің Валенсия политехникалық университетінде,
  • 8 оқытушы Португалия мемлекетінің Лиссабон жоғары техникалық институтында,
  • 3 оқытушы Жапония мемлекетінің Цукуба университетінде біліктіліктерін арттырды.

2016-2017 оқу жылындағы  үш тілді білім беру бойынша ОПҚ саны  және  пайыздық үлесі

Барлық ОПҚ саны

280

Үш тілді топтарға сабақ беретін ОПҚ ның % үлесі

 

Шетел тілдері кафедрасының ОПҚ саны

26

9,28

Үш тілді топтардағы  сабақ беретін ОПҚ саны

18

6,4

Барлық ағылшын тілінде сабақ беретін ОПҚ саны

44

15,7

Информатика мамандығының 4 студенті Сыртқы академиялық ұтқырлық бойынша Болгарияға Варна Еркін Университетінде білім алып қайтты.Екінші жартыжылдықта ағылшын  тілінде сабақ беретін ОПҚ саны көбейеді, өйткені бірнеше ОПҚ тілдік курстарды аяқтайды.

Қазақстан Республикасының 2015-2020 жылдарға үштілді білім беруді дамыту  жол картасын іске асыру бойынша жоспар жасалып төмендегі іс-шаралар өткізілді:

  • 2012жылдың 12 желтоқсандағы № 3 Ғылыми кеңес шешімі негізінде институт ОПҚ-на тіл білу деңгейіне  қарай тілдік оқу курстары ұйымдастырылды,
  • Үш тілді топтарда ағылшын тілінде сабақ беретін ОПҚ-ның  жүктемесі азайтылды,
  • 2015-2016 оқу жылынан бастап  үштілдік мамандықтардың оқу жұмыс жоспарлары 50-30-20 пайыздық тілдік қатынасты  ескере отырып жасалынды,
  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 5 қараша 2015 жылғы № 622 бұйрығымен  бекітілген Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға  арналған жол картасына сәйкес "Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының  үш  тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасы бойынша іс шаралар жоспары" жасалынды,
  • Академиялық ұтқырлық бойынша студенттермен алмасу ұйымдастырылды,
  • ҚР БжҒМ Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының  4 сәуір 2016 жылғы №1550/06-056 хатына сәйкес  институтта үш тілде білім беруді дамыту  жұмыстарын ұйымдастыру үшін  жауапты хатшы институттың ОӘК тағайындалды,
  • КР БжҒМ  жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық  департаментінің 13 мамыр 2016 жылғы №03-3/824 хатына сәйкес  Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасының іс шараларын  іске асыру мақсатында институттың 2015-2020 жылдар аралығында  үш тілде білім беруге көшудің  қадамдық іс шара жоспары жасалынды,
  • Институттың филология факультетінің ұйымдастыруымен 2015-2016 оқу жылында "Триединство языков-успешная интеграция в глобальный мир" атты дөңгелек стол өтті,
  • Абылайхан атындағы Халықаралық қатынастар және әлем тілдері  университетінің ұйымдастыруымен "Межкультурная коммуникация в полиязычном пространстве" атты онлайн конференциясына қатысты,
  • 2016 жылдың 22 сәуірінде  физика-математика факультетінің ұйымдастыруымен "Үш тұғырлы тіл-заман талабы" атты дөңгелек стол өтті,
  • Үш тілде білім беруді дамытудың 2015-2020 жылдарға арналған жол картасының іс шараларын  іске асыру мақсатында институтта  2016-2017 оқу жылында  оқу- әдістемелік бөлімнің ішінен "Үш тілде білім беру секторы" ашылды.

"Үш тұғырлы тіл-заман талабы" атты дөңгелек стол материалдары

ФИЗИКА- МАТЕМАТИКА КАФЕДРАСЫ

 «ҮШ ТҰҒЫРЛЫ ТІЛ - ЗАМАН ТАЛАБЫ»

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДІҢ МАТЕРИАЛДАРЫ 

МАТЕРИАЛЫ МЕЖДУНАРОДНОГО КРУГЛОГО СТОЛА

«ТРИЕДИНСТВОЯЗЫКОВ - ВЕЛЕНИЕВРЕМЕНИ»

MATERIALS OF THE INTERNATIONAL ROUND TABLE

«TRINITY OF LANGUAGES - IMPERATIVE OF OUR TIME»

КІРІСПЕ

2007 жылы Елбасы «Жаңа әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Үштұғырлы тіл» мәдени жобасын ұсынған болатын. Елбасы өзінің осы Жолдауында: «Қазақстан бүкіл әлемде халқы үш тілді пайдаланатын жоғары білімді ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар: қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кіру тілі», – деп атап көрсетті.

Бұл дегеніміз оқу орындарына жаңа міндеттер, жаңа талап, жаңа мақсаттар қойып отыр дегенді түсіндіреді. Негізгі мақсаты – өмірден өз орнын таңдай алатын өзара қарым – қатынаста өзін еркін ұстап, кез келген ортаға тез бейімделетін, белгілі бір ғылым саласында білімі мен білігін көрсете алатын, көптілді және көпмәдениетті құзіреттіліктерді игерген  полимәдениетті жеке тұлға қалыптастыру.

Мемлекет басшысының бастамасын қолдау мақсатында 2016 жылдың 22 сәуір  күні  Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтындафизика- математика факультетінде  «Үш тұғырлы тіл - заман талабы» атты дөңгелек үстел болып өтті.

Ұйымдастырылып отырған шараның басты мақсаты – Қазақстан жоғары білім беру жүйесіндегі көптілді білім беруді дамыту мәселесін талқылау, білім берудің бәсекеге қабілеттілігін арттыру, аймақ экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін көп тілде сапалы оқыту арқылы ғылым мен білімді дамыту.

Дөңгелек үстелде  төмендегідей мәселелер күн тәртібіне қойылды: халықаралық стандарт бойынша білім беру мәселелері, жаһандану жағдайындағы тілдерді оқыту мәселесі, тілдерді оқытудағы инновациялық білім беру технологиялары мен әдістемелік кешендер.Дөңгелек үстел жұмысына Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік педагогикалық институттың профессор-оқытушылар мен студенттері,   Шымкент қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің, Шымкент қаласындағы «№2 Үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп интернаты» ,Оңтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған үш тілде оқытатын №1 мектеп-интернатының өкілдері, жетекші шетелдік және қазақстандық ғалымдар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында әлем білім беру кеңістігінде жаһанданудың басты шарты ретінде шет тілдерін оқыту мен көптілді білім берудегі жаңа үрдістер мен технологиялар белсенді түрде талқыланды, сондай-ақ қазіргі замандағы мәдениетаралық өзара байланыс, жаһандану жағдайында мәдениатаралық қарым-қатынас мәселелері де қарастырылды.

Дөңгелек үстелге  қатысушылардың  баяндамалары мысалы: Халықаралық стандарт бойынша білім беру бойынша баяндама  Letigio Archielo, АҚШ, Солтүстік Каролина штаты, физика – математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі.

3.CLIL әдісі арқылы үш тілде білім беру бойынша баяндама. Ахметова  Гульжазира Кенжебайқызы - физика – математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі.

 

Дөңгелек столға қатысушылар

 

Letigio Archielo, АҚШ, Солтүстік Каролина штаты, физика – математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі

 

2015-2016 оқу жылында химия, информатика және биология мамандықтары бойынша үш тілде білім алған алғашқы түлектер бітіріп шықты. Химия мамандығын бітірген 3 студент өз диплом жұмыстарын ағылшынша жазып, сәтті қорғады.

Жыл сайын арнайы ағылшын топтарындағы студенттердің өсуі бақыланып отыр. Ағылшын топтарындағы студенттердің жоғары көрсеткіші олардың тілге деген қызығушылығының жыл сайын артуы, аталған студенттердің жұмысқа орналасу мүмкіндігі жоғары болады және шетелдік компанияларға жұмысқа тұруына,ТМД-да ғана емес шетелдерде жұмыс жасау мүмкіндігі артады.

         2016-2017 оқу жылында 4 факультетте 9 мамандықта  24 топта  көптілді білім беру бойынша 254 студент білім алады.

2016-2017 оқу жылындағы  үш тілді білім беру бойынша оқитын  мамандықтардың пайыздық үлесі

 №

 Шифры

 Мамандық аталуы

Жалпы студент саны

Үш тілді топтағы студент саны

Үш тілді топтардағы студенттердің % үлесі

1

5В011000

Физика

77

19

24,6

2

5В011100

Информатика

98

14

14,3

3

5В011200

 Химия

92

48

52,2

4

5В011300

Биология

270

60

22,2

Төрт мамандық бойынша

537

141

26,25

Үш тілді топтардың барлық мамандықтары бойынша

2363

254

10,8

2012-2017 оқу жылдар аралығындағы  үш тілде білім беру диаграммасы