Отырар төріндегі айтыс

25.04.16

Отырар төріндегі айтыс

Баһадүр бабалардың тұлпарының ізі қалған Отырар төрінде аудан әкімі Ерлан Айтахановтың ұйытқы болуымен, Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай аймақтық жас ақындар айтысы өтті. ОҚО, Қызылорда, Қарағанды, Жамбыл облыстарынан сайдың тасындай іріктелген 16 ақын бақ сынады. Айтыстың қорытындысы бойынша бас жүлде-Нұрғали Әнапия ( ОҚО), 1 орын-Нұрлыбек Құрманов (Жамбыл), 2 орын-Дәурен Ақсақалов (ОҚО, Отырар ауданы), 3 орын Қажымұқан Абзалов пен Аян Ниязбек (ОҚО) иеленді. Ал аудан әкімінің арнайы жүлдесін Қызылордалық Мөлдір Айтбай алды. Ақындарымыз тәуелсіз елдің бүгінгі айбынын, Отырар ауданының жетістіктерін, сонымен қатар аудандағы кейбір кем-кетістерді де жырға қосты. Бір айта кетерлігі аудан әкімі Ерлан Қуанышұлы айтысқа бастан-аяқ қатысып, ақындарымыз көтерген мәселелерді шешу үшін міндетті түрде тиісті шаралар қабылдайтынын жеткізді.

 

                                                                                    Біржан Байтуов