МӘҢГІЛІК ЕЛ-ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ

20.04.16

МӘҢГІЛІ ЕЛ-ҰЛТТЫҚ ИДЕЯ

ОҚМПИ-да "Мәңгілік ел идеясының тәрбиелік маңызы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Оған ұйытқы болған "Қоғамдық пәндер" кафедрасы.   Дөңгелек үстел барысында көпшілікке арнайы әзірленген «Мәңгілік ел» идеясы туралы видоефильм ұсынылды. Мұнан соң философия ғылымдарының кандидаты, доцент Б. Арынғазиева  өз баяндамасында «Мәңгілік ел» идеясының мемлекет пен ұлт тарихындағы тарихи маңызы, өміршеңдік тұстары мен  басты құныдылықтарына тоқталды.  Бес бағытты реформа аясында  жаңа жалпы-ұлттық мұраттар мен құндылықтар – құқықтың үстемдігі, экономикалық өсім, мемлекеттік қызметтің жаңа үлгісін қалыптастыру, ұлтаралық татулық пен  Еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы табыстары  тереңінен сөз болды.