ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

19.04.16

ТАРИХ ТАҒЫЛЫМЫ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Оңтүстік Қазақстан облысының білім басқармасымен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына және 1916 ж. Ұлт-азаттық көтерілісінің 100 жылдығына орай  «Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты аймақтық ғылыми-әдістемелік семинар-конференция өткізді. Жиында тарих ғылымдарының докторы, ҰҒА корреспондент мүшесі Мәмбет Қойгелді "Кеңес үкіметі және Алашорда: ұстанымдары мен айырмашылықтары"  тақырыбында баяндама жасады. Ал тарих ғылымдарының докторы, профессор Набижан Мұхаметханұлы болса, "Қытай деректеріндегі Қазақстан тарихы" жайлы егжей тегжейлі талдап, баяндап берді. Конференцияға  Қазақстан тарихы мәселелерімен айналасып жүрген жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлары, докторанттар мен магистранттар, тарих пәнінің әдіскерлері мен орта мектептің тарихшы мұғалімдері қатысты.