Ректордың үндеу

Құрметті жас достар!

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің сайтына қош келдіңіздер!

Сіздермен университет сайтында кездескеніме қуаныштымын.

Тәуелсіздік алғалы Қазақстан Республикасының жоғары білім беру жүйесінде көптеген өзгерістер болды. Жоғары мектеп толығымен әлемдік тәжірибеде қабылданған дайындықтың 3 деңгейлі моделіне өтті; ол: бакалавр – магистр – философия докторы (PhD). Оқытудың кредиттік технологиясы енгізілді, Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдары білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. Бұл еліміз үшін үлкен мәні бар, барынша дамыған мемлекеттер қоғамдастығына кіруді алдына мақсат етіп қойған құжат болып табылады.

Осы университет қабырғасынан өмірге жолдама алған сан мыңдаған ұстаздар – біздің университеттің мақтанышы мен намысы: олар ғылым, білім, өнер,  спорт салаларында қажырлы еңбек етіп қана қойған жоқ, сонымен қатар біздің мемлекетімізді саяси аренада да лайықты көрсете алатын жандар.

Университеттің басты мақсаты – Қазақстанда білім беруді дамытудың стратегиялық міндеттерін өмірге ендіру, еліміздің және жеке тұлғаның индустриялық-инновациялық даму міндеттерін, еңбек нарқы қажеттілігін қанағаттандыруда жоғары білім беру сапасының жоғары деңгейіне жету және білім беру саласында әлемдік озық тәжірибелерге сай болу.

Қазіргі таңда Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінде 33 мамандық бойынша білім бакалавры,  14 мамандық бойынша магистратура және 9 мамандық бойынша  докторантура бағытында мамандар даярланады.

Біз Сіздерді жоғары білім алуға  шақырамыз және Сіздерді оқу орнымызда көруге қуаныштымыз!

Құрметпен, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің ректоры, ҚР ҰҒА корреспондент-мүшесі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, ОҚО, Мақтарал ауданының  «Құрметті азаматы» Оңалбай Аяшев