Педагогика

Педагогика кафедрасының тарихы

 

Педагогика кафедрасы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеттің базасында 1937 жылы қаланды.  Кафедраның құрылуы еліміздегі білім беру жүйесі, педагогикалық ойлар, университеттің дамуы мен жетістіктеріне тығыз байланысты.

Кафедраның басшылығында Б.Нурлыбеков, Ж.Макашев, Ж.Искаков, У.Жаркинбеков, К.Каражигитова, И.Сманов, С.Тлеуова, А.Рысбекова секілді педагогтар болды. Қазіргі уақытта, кафедра меңгерушісі қызметін педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, «Ыбырай Алтынсарин», «Ұлағатты ұстаз», «Үздік автор» төсбелгілерінің иегері Арзымбетова Шолпан Жаксылыққызы атқарады.

Педагогика-гуманитарлық факультетінің байырғы және негізгі кафедрасы «Педагогика және психология» 2018 жылы бөлініп, педагогика кафедрасы жеке кафедра болып қайта құрылды. 82 жыл бойы кафедра білім беру саласындағы жоғары дәрежелі, білікті мамандарды шығарып келеді. Біздің түлектер тек мемлекеттің түкпір-түкпірінде ғана емес, сондай-ақ, шет елдерде де қызмет жасайды. 

Педагогика кафедрасы университеттің барлық студенттер контингентін қамтитын ОҚМПУ-дың негізгі және жетекші кафедрасы ретінде және Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің дамуы үшін заманауи білім беру жүйесінің сұраныстарына жауап беруге ұмтылады. Біздің мақсатымыз білім беру саласына инновациялар ендіру және қалыптастыру.

Педагогика кафедрасының ұжымы еліміздің және шетелдік жоғары оқу орындарының үздік түлектері, «Ы. Алтынсарин» төсбелгі иегерлері, Қазақстанның ПҒА мүшелері жоғары дәрежелі, білікті мамандардан құралған.  Бүгінгі таңда, кафедра «5В012300 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» бағыты бойынша рухани бай, бәсекеге қабілетті, кәсіби құзыретті кадрларды даярлауда.