Хабарландыру

14.04.16

15 СӘУІР 2016 ЖЫЛЫ САҒАТ 10.30

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған

«Тәуелсіздік – ел тұғыры» атты аймақтық ғылыми-әдіснамалық семинар-конференция өтеді.

Семинар-конференция жұмысына Қазақстанның жоғарғы оқу орындарының  жетекші профессорлары, оқулықтардың авторлары Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Мәмбет Құлжабайұлы Қойгелдиев және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Қытайтану кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Нәбижан Мұхаметханұлының  қатысуы жоспарланып отыр!

Конференция жұмысына қатысуға Қазақстан тарихы мәселелерімен айналасып жүрген жоғары оқу орындарының оқытушы-профессорлар кұрамын, докторанттар мен магистранттарды, тарих пәнінің әдіскерлері мен орта мектептер тарихшы-мұғалімдер қауымын шақырамыз!