ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ.

12.04.16

 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТІ

Тіл білімі мен қазақ және әлем әдебиеті кафедраларының ұйымдастырылуымен  2016 жылдың 8 сәуірінде дүстүрлі түрде өткізілетін  «Байтанаев оқулары – 4: Қазақстанда заманауи  білім  беру болашағы: реформалар және даму» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысы туралы мәлімет.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1. Әдебиеттану ғылымы, хакім Абай мұралары және «Мәңгілік ел» мұраттары

2. Бүгінгі Қазақстандағы тілдік этнокоммуникация және лингвистика мәселелері

3. Жоғары кәсіби білікті педагог маман дайындаудың проблемалары

 «Әдебиеттану ғылымы, хакім Абай мұралары және «Мәңгілік ел» мұраттары» секциясы бойынша 60 мақала,  «Бүгінгі Қазақстандағы тілдік этнокоммуникация және лингвистика мәселелері» секциясы бойынша 40 мақала, «Жоғары кәсіби білікті педагог маман дайындаудың проблемалары» секциясы бойынша 90 мақала келіп түсті.

Ресей (5), Түркия (3), Қырғыстан (3), Қарақалпақстан (1) елдерінің, Қазақстандағы Астана, Алматы, Семей, Қарағанды, Ақтөбе, Қызылорда, Шымкент қалаларындағы  жоғары оқу орындарының ОПҚ-дан  және облыс, қала мектептері мен арнаулы оқу орындарының мұғалімдерінен конференция тақырыбы бойынша қатысуға өтініш білдірген. Материалдар қазақ, орыс (52) және ағылшын (20) тілдерінде жазылған.

Арнайы құрылған комиссия материалдарды іріктеп, баспаға ұсынды.

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
Image CAPTCHA
Суретте көрсетілген символдарды енгізіңіз.