Кәсіби бағдар жұмысының ХАБАРЛАМАСЫ!!!

12.04.16

Кәсіби бағдар жұмысының ХАБАРЛАМАСЫ!!!

 2016 жылы 1 сәуір күні облыстық білім басқармасында аудандық, қалалық білім бөлімдерінің мектеп бітіруші түлектерінің жұмысқа орналасуына жауапты мамандардың  қатысуымен 2016-2017 оқу жылында педагогикалық мамандықтарды таңдайтын талапкерлерге арнайы емтихан тапсыру міндеттелуі мәселесі бойынша семинар-кеңес өтті. Кеңеске Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Кәсіптік бағдар және бітірушілерді жұмыспен қамту бөлімінің басшысы Ш.Ж.Арзымбетова және Оңтүстік Қазақстан облысы аудандық білім бөлімінің ҰБТ-ға жауапты бас мамандары, мектеп директорлары қатысып, баяндамалар жасалды. Семинар нәтижесінде аудандық білім бөлімдерімен ОҚМПИ арасында байланыс жасалынатын болды.