Ақындыққа амандық тілейміз!

08.04.16

Ақындыққа амандық тілейміз!

2016 жылдың 5 сәуір күні Филология факультеті «Қазақ және әлем әдебиеті» кафедрасы жанынан құрылған С.Ерубаев атындағы «Сыр сандық» әдебиет және өнер бірлестігінің ұйымдастыруымен «Мейірім ғаламшарынан» келген қонақ» тақырыбында ХVII халықаралық «Шабыт» фестивалінің         гран-при иегері, ақын Батырхан Сәрсенханмен әдеби шығармашылық кездесу кеші өтті. Рухани әлемі бай, төл әдебиетімізге құштарлығы мол шәкірттеріміз ақын, республикалық «Дәстүр» журналында Бас редактордың орынбасары қызметін атқарып жүрген Батырхан Сәрсенханмен кездесу кешін асыға күтіп, белсенділік танытты.

Аудиторияға жиналған поэзия әлеміне бойлап еніп, кестелі оймен маржанды ой тізбектеген жыр сүйер қауымның қарасы нығайып, өте көтеріңкі көңіл күйде болды. Ақынның өзгелер үшін жүрегінің сыздайтыны, қалам-қағазды серік етіп,  жалғыздық күйін кешетіні, елі десе атой салып, жалаң аяқ жүгіретіні, тарих десе тереңге үңілетіні баршамызға айқын.

Кеш кейіпкері ақын Батырханның аға ұстаздары: ҚР Үкіметінің «ДАРЫН» мемлекеттік  жастар сыйлығының лауреаты Қалқаман Сарин және ақын, аудармашы, педагог Абай Қалшабек Батырханның шығармашылығына демеу болып, әдеби кешке қонақ ретінде келгеніне қазақтың қара сөзін қастерлеуші, ақын сөзін ұрпақтан ұрпаққа жалғастырушы жалынды жастарымыз сүйкімді көздерімен қарсы алды. Бұлда бір игілік болар!  Ақынмен бір болу – ақиқатпен бір болу, боямасыз шындықпен бетпе-бет келу.

Шырайлы кешті оқу орнымыздың бірінші проректоры, оқу-ісі жөніндегі проректор Баршагүл Қашқынқызы ашып беріп, лирикасы лебізге толы Батырхан Сәрсенханға ақ маржанды сөздерімен оқырмандарға үстеме таныстырып өтті. Әдеби кешті Филология факультетінің деканы, ф.ғ.к., доцент Нариман Жұмашұлы жүргіссе, оқу орнымыздың талантты студент жастары ән шашуларын, ақын шығармашылығынан түрлі композициялар мен көріністер жасап, бар өнерлерін ортаға салды. Жүрек жарды арнау өлеңдері мен өз туындыларымен көзге көрініп,  тасада қалдырмай оқып берген Тайыр Мағжан, Қасқарбек Мереке, Нартай Бекжұма, Ділдәбек Ерасыл, Сарманова Лаура сынды студент жастарымыз ақынмен дидарласып, сұхбаттасып, пікір алмасып бір жасап қалды.

Батырханның шығармашылығына үңілген де, шолу жасаған да мен жаңа сүрлеуге  түсіп жаңашылдық ойларға тап болып, өміршең өлеңдеріне сүйсініп, өзімдегі ақындық та атойлап термелей жөнелгенім былай шықты:

Сүзіп алып тереңді,

Жаза білдің өлеңді.

Сағымға қадап сүңгіңді,

Бұлтқа да ілдің жебеңді.

 

Шырқалған бір шат әні,

Таң болып та атады.

Екпінен найзаңның,

Дауыл тұрып жатады.

 

Поэзия шырайлы,

Ұстағаны Күн, Айды.

Қақ жарылып қара тау,

Жол ашатын сыңайлы.

 

Керуенге тіркесем,

Жүрмейсің-ау, бірге сен.

Найзағайдай озады,

Қылышыңды сілтесең.

 

Дей тұрсақ та жас әлі,

Мысың кейде басады.

Арттан келген тұяғың

Алдыңғыңнан асады.

 

Мінезіңді жасырдың

Абыройды асырдың.

Төлегеннің төліндей,

Өзі болдың Қасымның.

 

Жымиясың шоқпарлым,

Арасында оттардың.

Естіп біліп Есжанды

Қаныбекке тоқталдың.

 

Елден естіп жатасың,

Саралаған сапасын.

Бақтияр да бақ тілеп,

Мұқаң берген батасын.

Мінекей артық айтыпты демеңіздер, егер жауырыншыдай  болжап айтсам түбінде бұл бала , бағы басым дана ақын болмақ. Ақындыққа амандық тілейміз!!!

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
Image CAPTCHA
Суретте көрсетілген символдарды енгізіңіз.