"Асыл мұра" ерледі

08.04.16

 "Асыл мұра" ерледі

Білім ордасының «Жаңа технология және өнер» факультеті жанынан құрылған "Асыл мұра" командасы республикалық пән олимпиадасының бірінші орнын жеңіп алды.  Осымен 8 рет ұйымдастырылған білімділер бәсекесі Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен болатын. Институтымыздың командасы құрамындағы Омархан Жұлдызай, Айтуған Гүлшат, Сәбитов Ақжан, Қойбағаров Ерболды жүлделерімен құттықтаймыз. Сондай-ақ топқа жетекшілік жасаған оқытушылар А. Байбатшаев, Д. Пошаев және Г Жолдасбековаға шығармашылық табыс тілейміз.