Шәкірттер ғылыми сайыстан жүлдемен оралды

06.04.16

Шәкірттер ғылыми сайыстан жүлдемен оралды

«ZIAT» Ғылыми – әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласында өткен "Ғылым шарайнасы" атты студенттердің ғылыми жұмыстары байқауында ОҚМПИ дің  қос бірдей студенті жүлдегер атанды. Озық ойлы екі жас - оқу ордасындағы Жаратылыстану және математика факультенінің  шәкірттері. Білімділер сайсына  Ғазиза Талғатқызы «Бейіндік оқытуда экономикалық есептерді шешуде ақпараттық-компьютерлік модельдерді пайдалану», ал Абылай Тыныбаев  «Бастауыш сынып информатикасына арналған электрондық дидактикалық материалдар құру»   тақырыбын ұсынды. Сарапшы мамандар екі студенттің  де ғылыми ізденісін  жоғары бағалады.  Олардың жобасына экономика ғылымдарының кандидаты Нағима Сәрсенбиеваның ғылыми жетекшілік жасады.