Білім беру саласындағы жаңашылдықтар

05.04.16

Білім беру саласындағы жаңашылдықтар

"Кадр даярлау ісінде олардың бәсекелестік қабілетін арттыру және білім беру секторының экспорттық әлеуетін көтеру." Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық инстиутының ректоры Оңалбай Аяшев  осы мәселеге орай БАҚ өкілдерімен брифинг өткізді. Журналистермен өткен басқосу барысында  білім ордасының басшысы Елбасы Н. Назарбаевтың "100 нақты қадам-Ұлт жоспарында" айтылған көптеген міндеттердің жүзеге асырылуына тоқталды. Әсіресе, институт түлектерінің жұмысқа орналасуы, білім беру ісіндегі жаңашылдық, оқу процесінде инновациялық әдіс тәсілдерді молынан пайдалану  жайын егжей тегжейлі әңгімелеп берді.