Студенттер ағылшын тілінде қойылым көрсетті

31.03.16

Студенттер ағылшын тілінде қойылым көрсетті

Филология факультетінің студенттері сахнада ағылшын тілінде қойылым көрсетті. Театрлық көрініске 10-ға тарта студент актер ретінде қатысты. Студенттік театр труппасының жетекшісі Галина Абрамованың айтуынша ағылшын тілінде шағын спектакльдер қою оқу ордасында дәстүрге айналған. Өйткені театр өнері  шәкірттердің шет тілін жылдам  меңгеруіне зор ықпал етеді дейді ұстаздар.