Оқу ордасының ақындары аламан айтыстың үздіктері атанды.

24.03.16

Оқу ордасының ақындары аламан айтыстың үздіктері атанды.

ОҚМПИ-дің үш бірдей қызметкері биылғы ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналаған  Наурыз айтыста сөз сайыстырды. Олар-Анар Жаппарқұлова, Біржан Байтуов және Дәурен Ақсақалов. Олардың үшеуі де жыр додасында мерекенің көрігін қыздырып, көптің көңілдегісін өлеңмен өрнектеді. Тақырыпты ашуда орамды ойымен, кестелі сөздерімен ерекшеленген Біржан Байтуов  айтыстың жүлделі екінші орнын, ал Анар Жаппарқұлова үшіні орынды еншіледі. Дәурен Ақсақаловтың өнері де есекерусіз қалмады.  Қазылар алқасы талапты да талантты жас ақынның шығармашылығын ерекше атап өтті.