«Наурыз Оңтүстіктен басталады»

24.03.16

 «Наурыз Оңтүстіктен басталады»

Биылғы Ұлыстың Ұлы күні – Әз Наурызды оңтүстік қазақстандықтар ерекше тойлады. Салтанатты шара «Наурыз Оңтүстіктен басталады» деген атпен облыс орталығының бас алаңы – әкімшілік-іскерлік орталығының алаңында өтті. Мерекелік думанға 10 мыңнан астам халық жиналып, наурызкөжеден дәм татып, облыс, қала өнерпаздарының концертін тамашалады. Алаңда тігілген 36 киіз үйдің ішінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының ақшаңқан киіз үйі жиналған халықты алыстан менмұндалап шақырып тұрды. Келген қонақтарды киіз үйдің сыртындағы ұлттық киім киген студент ұл-қыздардың ерекше дизайндағы костюмдері мен үй иелерінің ыстық ықыласы, қонақжайлығы, ішінің ұлттық нақышта безендірілуі, ұлттық дәм қойылған бай дастарқаны да тәнті етті. Киіз үйде облыс әкімі Бейбіт Атамқұлов, қала әкімі Ғабидолла Әбдірақымов,  облыс әкімінің орынбасары Ұласбек Сәдібек, облыстың зиялы қауым өкілдері, ардагерлер қонақ боп, институт ұжымы мен жас ұрпаққа баталарын берді. Институт қызметкерлері, республикаға танымал ақындар Анар Жаппарқұлова, Біржан Байтуов, Дәурен Ақсақалов пен дарынды шәкірт ақын Аян Ниязбек кестелі сөзден жыр арнап, көпшілікті Ұлық мерекемен, институт ректоры Оңалбай Аяшевті облыстық мәслихаттың депутаты боп сайлануымен құттықтады.

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
Image CAPTCHA
Суретте көрсетілген символдарды енгізіңіз.