Білікті маман-ел тірегі

16.03.16

Білікті маман-ел тірегі

      ОҚМПИ ның 3 курс студенттері бір ай бойына Назарбаев зияткерлік мектептерінде, өңірдегі білім берудің  озық тәжірибесін меңгерген білім ұялары, лицей және гимназияларда педагогикалық іс тәжірибеден өтті. Іс- тәжірибе барысында олар  үш жыл бойы алған теориялық білімдерін тәжірибе жүзінде дәлелдей білді. Оқу процесі мен қоғамдық жұмыстарға белсене ат салысты.

       Ал 4 курс студенттері болса педагогикалық іс тәжірибеден 14 наурыз күні оралды. Болашақ ұстаздар  тәжірибе жинау барысында өздеріне артылар жауапкершілікті айқын  сезінді. Сондай-ақ мектеп ұжымымен бірлесе жұмыс жасауға,  оқушылармен , ата-аналарымен қарым- қатынас жасауға үйреніп, тәжірибе жинақтады.

        Іс- тәжірибе барысында  білімі және педагогикалық шеберлігімен көзге түскен студенттер келешекте өзі  іс-тәжірибеден өткен мекемеге жұмысқа тұру мүмкіндігіне ие.