ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ

16.03.16

ШӘКІРТ ЖЕТІСТІГІ

«Сары: заттық пен шындық этимоны.»  Осындай атаумен ОҚМПИ филология факультетінің студенті  Бағдаулет Нұрматтың  ғылыми мақаласы жарық көрді. Мақалада қазақ тіліндегі түс атауы этимондарын ашуға қатысты  тіл ғылымы тұрғысынан этимологиялық зерттеу жасалып,  Қазақ елінің «Ұлы Дала» аталуының дәлелдері тілдік тұрғыда көрсетілген. Талапты әрі ізденімпаз жас  бұл еңбегін Біріккен Араб Әмірлігінің Шарджа қаласында ұйымдастырылған  "INNOVATION MANAGEMENT AND TECHNOLOGY IN THE ERA OF GLOBALIZATION"  атты ІІІ халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияда таныстырды.

 Ғылыми кеңеске  Қазақстан, БАӘ, Польша, Украина, Грузия, Ресей және Қырғызстан мемлекеттерінің ғалымдары қатысты. Бұл ОҚМПИ-да  еліміз бен  өзге мемлекетттерде жоғары оқу орындары ұстаздарымен тәжірибе алмасуы жақсы жолға қойылғандығының дәлелі.