Бағлан Әбдіразақ- ел чемпионы

14.03.16

Бағлан Әбдіразақ- ел чемпионы

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институтының жетістіктер қоржыны тағы бір алтын медальмен толықты. 4 курс студенті Бағлан Әбдіразақ спорттың әскери самбо түрі бойынша өткізілген ел чемпионатында  қарсыластарының барлығынан басым түсіп, 1 орынды еншіледі. Боз кілемдегі белдесулер Атырау қаласында өтті. Байрақты бәсекедегі  толғай жеңістің арқасында ол  Азия ойындарына берілетін лицензияны жеңіп алды. Бағлан қазір жыттығуға қызу кірісіп, шеберлігін одан әрі арттыру үстінде. Алдағы сыннан сүрінбей өтсе спортшымыз  Болгарияда өтетін әлем чемпионатында қатысатын болады.