Ләйлә Оспан «Арай»   фестивалінің жүлдегері

09.03.16

 Ләйлә Оспан «Арай»   фестивалінің жүлдегері

ОҚМПИ дің студенті Ләйлә Оспан республикалық деңгейде өтетін жас әншілер мен мәдени іс шара жүргізушілеріне арналған «Арай»   фестивалінде жүлделі үшінші орынды еншіледі. Биылғы өнер додасына  273 өнерпаз қатысты. Әншілермен қоса мәдени шараларды жүргізуге машықтанып жүргендер  арасынан Ләйлә Оспанмен бірге 11 өнерлі жас бас жүлде үшін бақ сынады. Қазылар алқасы мәдени іс шара жүргізушілердің  саханада өз-өзін ұстауы және әртістік қабілеті, тапқырлығы мен шешендігін сарапқа салды.