ОҚМПИ бітірушілерін жұмысқа орналастыру іс-шаралары

01.03.16

      ОҚМПИ-да 23 ақпан  2016 жылы  «Кәсіптік бағдар және бітірушілерді жұмыспен қамту бөлімі» және «Оңтүстік Қазақстан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» бірігіп семинар өткізді.

Семинар-кездесудің мақсаты жастарға кәсіби бағыт-бағдар беру және мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы жайлы кеңінен түсіндіру; жастар арасында құқықтық сауаттылықты дәріптеу; олардың құқықтық-мәдени деңгейін  арттыру, азаматтардың кәсіби заңдық көмек алуға қолжетімділігін түсіндіру; жастарға арналған мемлекеттік бағдарламалар жастардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу арқылы олардың тұрақты жұмыспен, баспаналы және нәтижелі қамтылатынына көздерін жеткізу; мемлекет жастардың «Жұмыспен қамту», саласында мемлекеттік жастар саясаты жастарды жұмысқа орналастыру, қоғамдық жұмыстарды дамыту және жастарды кәсіптік даярлық пен біліктілікті жоғарылату курстарында оқыту бағдарламарын іске асыру арқылы жүзеге асыру және «Қолжетімді тұрғын үй», көмек алу қолжетімділігін қамтамасыз ету, «Даму» жастарды кәсіпкерлікке баулу бағдарламаларын ұсыну, осы бағдарламалар жөнінде бағыт бағдар беру.   

Қатысқандар:                                                          

  1. Кәсіптік бағдар және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының басшысы - Арзымбетова Ш.Ж.;
  2. «Жастар ресурстық орталығы» КММ бөлімше басшысы – Ерғазы Жазира Ерғазықызы;
  3. Оңтүстік Қазақстан облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Әкімшілік және ақпараттық аналитикалық» бөлімінің бас маманы – Динара Бегалықызы;
  4. «ДАМУ» Акционерлік қоғамы, компетенциялық біліктілікті арттыру бағдарламасының менеджері – Исаков Сабыржан Уразкулович;
  5. Шымкент қаласының тұрғын үй коммуналдық-шаруашылық бөлімінің тұрғын үй секторының бас маманы – Қайрат Құрманбаев;
  6. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі ОҚОФ АҚ 1 санатты маман – Камалгалеева Айгүл Тоқтамұратқызы;
  7. Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі       ОҚОФ АҚ кеңесші Сейдуалиева Тоқсан Мусаханқызы;
  8. Кәсіптік бағдар және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасының маманы - Конкабаева Г.Б.
  9. Кафедра меңгерушілер және бітіруші түлектер.