Әкімшілік

1.  Аты: Қадірбаева Роза Ізтілеуқызы 

2. Білімі:  жоғары, С.Киров атындағы ҚазМУ (1983), педагогика ғылымдарының кандидаты (1996), доцент (2002), педагогика ғылымдарынығ докторы (2012). ОҚМПИ-да 2014 жылдан бастап қызмет атқарады, оқытатын пәндері: информатиканы оқытудың инновациялық технологиялары, информатиканы оқыту әдістемесі.

3. Академиялық тәжірибе: Жезқазған педагогикалық институтының оқытушысы (1983-1990),  М.Әуезов атындағы Чимкент педагогикалық институтының аға оқытушысы  (1990-1995), Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік  университетінде орталық бастығы, декан, вице-президент (1995-2013), «Біліктілік арттырудың ұлттық орталығы «Өрлеу» АҚ Оңтүстік Қазақстан облысының филиалында кафедра меңгерушісі (2013-2014),  2014 жылдан бастап бүгінге дейін ОҚМПИ-ның «Информатика»  кафедрасының доценті, «Ғылыми-зерттеу бағдарламаларын сараптау орталығының» басшысы және 2016 жылдың ақпан айынан бастап «Тарих және педагогика» факультетінің деканы.

4. Академиялық емес тәжірибе:  жоқ

5. Куәлік немесе кәсіби тіркелімі: - 2014 жыл. Курс «Қашықтықтан оқыту: тьюторлар мектебі». М. Әуезов атындағы ОҚМУ (36 сағат); 2015 жыл. «ҚР ЖОО-ның педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру» бағдарламасы бойынша. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» (240 сағат).

6. Кәсіби ұйымдарға мүшелігі: ҚР білім беру кәсіподақ ұйымының мүшесі

7. Сыйақылар мен марапаттаулар: -  «ҚР ғылымының дамуына қосқан үлесі үшін» төс белгісі

8. Қызмет саласындағы әрекеті (мекеме ішінде және одан тыс): - мекемеден тыс жеке кәсіпкерлік

9. Соңғы бес жыл ішіндегі ең маңызды  жарияланымдары мен презентациялары:

  1. Кадирбаева Р.И. Болашақ информатика мұғалімін кәсіби даярлауда заманауи білім беру технологияларын пайдалану. // Поиск. Научный журнал, - Шымкент, 2012 . - N 3-6. Б.131-139.
  2. Кадирбаева Р.И.  Болашақ мұғалімдерді оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуға кәсіби  даярлау:  теориясы және практикасы. Монография. - Түркістан: МКТУ им. А.Ясави, 2013.- 319с.
  3. Кадирбаев Р.И. Образовательные технологии как совокупность способов реализации учебного процесса. // Научно-методический и теоретический журнал «Социосфера». – 2013. – N 1. С.93-96.
  4. Кадирбаева Р.И. Мethods of using modern teaching technologies in development of pupils’ creative abilities. // Журнал  «Перспективы науки» -2013.-N 3. С.179-183.
  5. Кадирбаева Р.И., Нышанова С.T., Беркінбаев K.M., Еркибаева Г.Г. Pedagogical bases of professional training of future teachers – mathematicians to development of pupils’ creative abilities // Life Science Journal 2013. –Vol.10(8s) Impact Factor_2012:0.165 (journal Citation Reports Thomson Reuters SSR_2012:0,13 (Scopus)). - P.421-425.
  6. Кадирбаева Р.И., Сазабаева А. Цифрлық білім ресурстары және оларды оқу үдерісінде тиімді пайдалану. «Бәсекеге қабілетті ғылым және білім  жолында:адам капиталының жаңа мүмкіндіктері мен даму келешегі» Материалы международной научно-практической конференции. Май,  2014. г Актюбе. Б. 55-61.

10. Жаңа кәсіби, тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелердің қысқаша сипаттамасы, ғылыми және тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелерге авторлығы немесе қосалқы авторлығы

 «Сандық әдістер» (ЭЕМ-ға арналған бағдарлама) ҚР ӘМ №862, 13.05.2010, Зияткерлік меншік объектісін мемлекеттік тіркеу куәлігі (Э.Т.Адылбековамен авторлық бірлестікте)

Декан орынбасары

Аға оқытушы, магистр Абдуллаева Жазира Дайрабаевна

Абдуллаева Жазира Дайрабаевна 2009 жылы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетін бітірген. 2014 жылы Алматы қаласында «Бөбек» Ұлттық ғылыми практикалық, білім беру және сауықтыру орталығында педагог қызметкерлерінің біліктілікті арттыру курсынан өтті. 2013  жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының «Жалпы педагогика» кафедрасында магистр-оқытушысы. 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бастап Тарих және педагогика факультеті деканының орынбасары қызметінде.