АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ

22.02.16

                                ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ИНСТИТУТЫ

АҚПАРАТТЫҚ  ХАТ

 

Құрметті әріптестер!

Сіздерді Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында өткізілгелі отырған дәстүрлі «Байтанаев оқулары – 4: Қазақстанда заманауи  білім  беру болашағы: реформалар және даму» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысына қатысуға шақырамыз.

Халықаралық конференция Шымкент қаласы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында 2016 жылдың  8  сәуір  күні өтеді.

Конференция жұмысына қатысуға конференция тақырыбы бойынша маңызды ғылыми-зерттеу нәтижелері бар Қазақстан, Тәуелсіз мемлекеттер достастығының және алыс-жақын шетел мемлекеттерінің жоғары оқу орындары мен ҒЗИ профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар шақырылады.

Конференция жұмысы келесі секциялар бойынша өткізіледі:

1. Әдебиеттану ғылымы, хакім Абай мұралары және «Мәңгілік ел» мұраттары

2. Бүгінгі Қазақстандағы тілдік этнокоммуникация және лингвистика мәселелері

3. Жоғары кәсіби білікті педагог маман дайындаудың проблемалары

Конференцияның жұмыс тілдері:  қазақ, орыс және ағылшын тілдері 

Конференцияға қатысу үшін өтініштің (тіркелген үлгі бойынша), баяндама мәтінінің баспа түріндегі және электрондық нұсқалары (1 данадан),  ұйымдастыру жарнасы (3000 теңге көлемінде) төленгені туралы түбіртектің көшірмесі электрондық поштамен немесе төмендегі мекен-жайда 2016 жылдың 1 сәуіріне дейін қабылданады: 160012, Қазақстан Республикасы, Шымкент қ., Байтұрсынов көшесі, 13 үй, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты, бас ғимараты, 328-Тіл білімі кафедрасы, 257- Қазақ және әлем әдебиеті кафедрасы

Конференцияның ұйымдастыру комитетіне жауапты: Құрбанов А.Г.  8-701-494-16-26,

Темирбекова Г.А. 8-701-390-39-89,  Мамыт А.А. 8-702-596-68-30

Анықтама үшін телефон: Мамыт А.А.,  Темирбекова Г.А

Е-mail: ,

Баяндама дайындауға қойылатын талаптар:

Мақала көлемі -  5 бетке дейін, Times New Roman қарпінде терілуі тиіс;

А4 форматында, қаріп өлшемі – 12;

Жоларалық қашықтық – 1;

Азат жол – 1 см.;

Сол жағы – 2,5 мм, қалған жақтары – 20 мм.;

Бет саны көрсетілмейді;

Орыс тіліндегі баяндамалар үшін  түйін және summary, қазақ тіліндегі баяндамалар үшін резюме және summary, ағылшын тіліндегі баяндамалар үшін түйін және резюме келтіріледі.

Баяндама мәтіні мен өтініштің сапалы басылған бір дана (бет нөмірі көрсетілмей) баспа түрі және электронды нұсқасы, ұйымдастыру жарнасы төленгені туралы түбіртектің көшірмесімен бірге дискіде немесе электрондық поштамен ұсынылады (файлдың атауы бірінші автордың фамилиясымен сай келуі қажет, баяндама мен өтініш бір файлда беріледі). Баяндама авторларының саны 3 адамнан аспауы тиіс. Баяндама мәтіні түзетілмейді және түпнұсқа болып саналады. Конференция еңбектерінің жинағы тікелей көшіру әдісімен теріледі. Көрсетілген мерзімнен кеш түскен немесе талаптарға сай келмейтін материалдар жарияланбайды.

Қонақ үйді брондау 2016 жылдың 8 сәуіріне дейін.

Құрметті әріптестер! Сіздерден жоғарыда көрсетілген талаптарға сай дұрыс терілген материалдарды жіберу сұралады.

 Баяндаманы дайындау үлгісі:

ӘОЖ (10 пт.)

 Ә.БАЙТАНАЕВ - «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН-ЭПОПЕЯСЫН ЗЕРТТЕУШІ ҒАЛЫМ (11 пт.)

Әділова  Ш.Р. (11 пт.)

 

Оңтүстік Қазақстан  мемлекеттік педагогикалық институты, Шымкент, Қазақстан (10 пт.)

Резюме (10 пт.)

Summary (10 пт.)

Баяндаманың негізгі мәтіні (12 пт.)

             ------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------

Әдебиеттер (11 пт.)

 1.

 2.

Өтініш үлгісі:

                                                             Өтініш

1

Баяндамашының тегі, аты-жөні (толығымен)

 

2

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы

 

3

Мекемесі, лауазымы

 

4

Мекен-жайы (индексі көрсетілуі міндетті)

 

5

Телефон, факс (халықаралық байланыс кодымен)

 

6

Баяндаманың тақырыбы

 

7

Секцияның атауы

 

8.

Керекті техникалық құралдар

 

9.

Қонақ үй орындарын брондау қажеттігі (иә, жоқ)

 

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның ұйымдастыру комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз:

Телефон: +7 (7252 21-14-26)    Факс: 

БАНК РЕКВИЗИТТЕРІ:

АО «Казкоммерцбанк»

БИК-КZ K0 KZ KX,

БИН -110740004288,

КБЕ-16

ИИН- KZ 569260801159775000

Ұйымдастыру комитеті