Әскери кафедра ашылады

19.02.16

Әскери кафедра ашылады

Қазақстан Үкіметінің  қаулысымен Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік институты жанынан әскери кафедра ашылатын болды. Мұнда  білім ордасындағы 7 факультеттің студенттері әскери дайындықтан өтеді. Осы өзгеріске орай әскери кафедра оқытушылары институттың  мәжіліс залында  алғашқы курс студенттерімен кездесті. Олар шәкірттерді кафедраға қабылдау талаптарымен таныстырды. Сұрақтарына жауап берді. Жалпы еліміз бойынша тағы 8 жоғары оқу орнында осында әскери кафедра ашу  жоспарланған. Әскери кафедраның болашақ  түлектері Қазақстан әскерінің сапын толтыратын болады.