ХАБАРЛАНДЫРУ

18.02.16

ХАБАРЛАНДЫРУ

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты 2016 жылдың 15 ақпанынан бастап НААР-ң ЖОО қазақстандық рейтингіне қатысады.

Осыған байланысты 18.02.2016 ж. бастап мамандық шығарушы кафедралардың меңгерушілері төмендегі іс-шараларды атқаруы тиіс:

1. Менеджмент және мониторинг бөлімінен рейтингтің электронды базасына кіру паролін, логин және рейтинг құжаттарын алу.

2. Рейтинг тармақтарына сәйкес ақпарат дайындау.

3. НААР Агенттігі компьютерлік бағдарламасына мамандық жайлы мәліметтерді енгізу.

Жауапкершілік кафедра меңгерушілеріне жүктеледі.

ЖОО-на мемлекеттік тапсырыс бойынша грант бөлу нәтижесі осымен байланысты анықталады.

Рейтингке қажетті мәліметтерді енгізу ректорат арқылы бақыланады.

Мәліметтерді электронды базаға енгізу мерзімі 2016 жылдың 01 наурызына дейін.