Ел Тәуелсіздігіне -  25 жыл

17.02.16

Ел Тәуелсіздігіне -  25 жыл

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының студенттері арасында  Ел Тәуелсіздігінің  25 жылдық мерейтойына  орай   волейболдан  жарыс өтті. Спорт сайысына жоғары оқу орнындағы факультеттер жанынан жасақталған командалар қатысты. Саламатты ұрпақ-ел болашағының негізі. Сондықтан да бұл жолғы спорттық бәсеке Қазақстанның азаттық жылдарындағы жетістіктерін паш етумен бірге, жастардың дені сау ұрпақ болып жетілуі үшін ұйымдастырылып отыр.