Кедергісіз келешек

16.02.16

   Кедергісіз келешек

 «Болашақ педагогтарға инклюзивті білім беру мәселелері.» Осындай тақырыпта Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты Бастауыш білім факультеті Мектепке дейінгі тәрбие және дефектология кафедрасында 2016 жылдың 12 ақпанында аймақтық семинар ұйымдастырылады. Басқосудың мақсаты – даму мүмкіндігі шектеулі білім алушыларды өзге шәкірттермен бірге әлеуметтендіру және оқыту.

Педагогтар мен дефектологтардың пікірінше, біздің елімізде мұндай балалармен жұмыс жүргізетін жаңа, нәтижелі бағдарламалар мен әдістемелер жоқтың қасы. Мүмкіндігі шектеулі балалардың педагогикалық проблемаларын зерттеп, оларды шешуде әлемдік  тәжірибеге сүйене отырып, бұл іске отандық төл мамандарды тарту, бірлесе жұмыс жасау – бүгінгі күн тәртібіндегі ең өзекті мәселе. Осы тақырыпқа терең бойлау мақсатында аймақтың инклюзивті білім негіздерімен сусындаған мамандарға қажеттілік, оларды даярлау мәселесі төңірегінде жан жақты сөз болады. Шешу жолдары қарастырылады.

Семинарға Шымкент қалалық білім бөлімі, «Өрлеу»  біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы» АҚ филиалы Оңтүстік Қазақстан облысы  бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін  арттыру институты,  Шымкент қалалық психологиялық-медициналық педагогикалық кеңес беру мекемесі, №39 М.Жұмабаев атындағы жалпы орта мектебі, №18 Ш.Уалиханов атындағы мектеп-гимназиясы, №1 А.С. Пушкин атындағы мектеп-гимназиясы қызметкерлері шақырылған.

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
Image CAPTCHA
Суретте көрсетілген символдарды енгізіңіз.