ОҚО-да 30 мың студенттің қатысуымен таңертеңгілік жаттығу өтті

04.02.16

          ОҚО-да 30 мың студенттің қатысуымен таңертеңгілік жаттығу өтті

 Оңтүстік Қазақстан облысында 30 мың студенттің қатысуымен таңертеңгілік жаттығу өтті. Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған шара бір мезетте Шымкенттегі жоғарғы оқу орындарымен қатар Түркістан және Жетісай қаласына да жалғасын тапқан. Ашық аспан астында өткен таңғы шарада студенттер әртүрлі жаттығулар жасап, денелерін шынықтырды. Жаттығу тіпті аудиторияларда да жалғасын тапты. Күн ұзақ партаға таңылып отыратын студенттер бір сәт жаттығу жасап бойларын жазды. «Мұндай спорттық жаттығулар жастардың бойында патриоттық сезімді оятып, салауатты өмір салтын ұстануға баулиды», - дейді шараны ұйымдастырушылар. Маргарет Усимова, студент: - Салауатты өмір салтын ұстануды өзімізден бастауымыз керек. Сол үшін бұндай іс-шара дәстүр болып жалғаса бермек. Алдағы уақытта әрдайым осындай көтеріңкі көңілмен, таңғы жаттығумен әр күнімізді бастасақ, бүгінгі күніміз де сәтті және алдағы өміріміз де қуанышқа толы және керемет күн болады деп есептеймін

 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
Image CAPTCHA
Суретте көрсетілген символдарды енгізіңіз.