Жүргізіліп жатқан іс шаралар:

Жүргізіліп жатқан іс шаралар:

1.  2013-2014 оқу жылында сыртқы Академиялық ұтқырлық  бағдарламасы аясында 5В011900 «Шет тілі: екі шет тілі»   мамандығының 9 студенті (2-3 курс) «Жазбаша және ауызша аудару» оқу бағдарламасы бойынша «Халықаралық Балтық академиясына»   (Латвия, Рига қ.) жіберілген. Өз оқуларын үздікпен бітіріп, сертификаттарымен оралды.

2. Мюнхен Техникалық университетінің шақыруы бойынша 2013 ж. қыркүйек айының 12-24 аралығында  оқу үдерісін жетілдіру үшін компьютерлік бағдарламаларды  қолдана  отырып дәріс және зертханалық сабақтарда презентация даярлау, сонымен қатар халықаралық пәнаралық зерттеу жобаларын және PhD  курстарын талқылау үшін институт  қызметкерлері Мадыбекова Г.М. «Химия» кафедрасының меңгерушісі, Рысбекова А.Б. Академиялық ұтқырлық және халықаралық  байланыс  бөлімінің  бастығы, Исаева А.Б. «Химия» кафедрасының аға оқытушысы семинарға  қатысып, сертификатпен оралды.

3. Халықаралық ынтымақтастық пен серіктестікті дамыту аясында халықаралық байланыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор Ә.Ә.Әбдіқаеваның қыркүйек айында Греция еліне  қызметтік іс-сапары ұйымдастырылды.

4. «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқытушы және бітіруші түлектерді дайындау жұмысы нәтижесінде,   4 бітіруші  түлектің құжаттары дайындалып өткізілді. Барлық емтихадарынан сәтті өтіп, Ресейге арт-менеджмент мамандығы бойынша оқуға жолдама алған түлек Атығаев Ырысалды. Ғылыми тағылымдамаға институт оқытушысы Қанаева Ләззат Сапарбекқызы  «Болашақ»  бағдарламасының барлық кезеңдерінен сәтті өтіп, Нидерландыда  «Педагогика, дидактикалық дағдылар және білім саласын басқарудағы оқу жүйесін Қазақстанда модернизациялау» тақырыбы бойынша дәріс алып, сертификатпен оралды.   

5.        2013-2014 оқу жылында беделді шетелдік  жоғары оқу  орындарынан  визитинг-профессорлар шақырылды. Олар:

Вальтер Фризен - философия ғылымдарының кандидаты (Дортмунд, Германия);

Радюк Светлана Николаевна - доцент, биология ғылымдарының докторы (АҚШ, Даллас);

Йеско Шмоллер- этнолог, әдебиетші, PhD (Берлин, Германия);

Свитлана Любчик - PhD, Профессор (Лиссабон, Португалия);

Сиддхарт Саксена- PhD, профессор (Кембридж қ., Ұлыбритания).

6. Халықаралық қызметтестікті дамыту және келісім шарттар жасасу аясында институттың халықаралық байланыс және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Ә.Ә.Әбдіқаеваның Қазақстан Республикасы ЖОО Ассоциациясы мен Көшбасшылықтың Халықаралық институтының шақыруымен АҚШ, Невада штаты, Лас Вегас қаласында өткізілген «Современные иновации в международном бизнесе» атты шетелдік ғылыми және кәсіби тағылымдамаға 14-25 қараша арлығында қызметтік іс-сапары ұйымдастырылды.

7. Ұлыбританияда Оксфорд қаласының әкімшілігі мен Europe Business Assembly ұйымдастырып отырған «Оксфордтық Көшбасшылар Саммитіне» ОҚМПИ-дың сырттай қатысуы ұйымдастырылды. Осының нәтижесінде «Үздік аймақтық институт» («Best Regional Universities») сертификаттарымен марапатталды.

8.     Халықаралық қызметтестікті дамыту және келісім шарттар жасасу аясында институт ректоры О.Аяшев пен халықаралық байланыс және стратегиялық даму жөніндегі проректор Ә.Ә.Әбдіқаеваның  2013  жылдың желтоқсан айында Индияға қызметтік іс-сапары ұйымдастырылды.

9.  2013-2014 оқу жылында Отандық ЖОО-мен ОҚМПИ арасында келіссөздер жүргізілді. Яғни 2014 жылдың 17 қаңтар №2/21 бұйрығына сәйкес академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында ОҚМПИ мен «Сырдария» университеті (ОҚО, Жетісай қ.) арасында жасалған білім және ғылым саласында серіктестікті орнату туралы  келісім шарт негізінде 2013-2014 оқу жылының көктемгі семестр аралығына бакалавриат күндізгі оқыту түріне «Сырдария» университетінен 4 студент қабылданды.

10. 17.05.2012ж. жасалған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институты арасында ішкі академиялық ұтқырлықты дамыту мақсатында 2013-2014 оқу жылының көктемгі семестр аралығына бакалавриат күндізгі оқыту түріне ТарМПИ-дан 5 студент қабылданып, ОҚМПИ-дан 5 студент жіберілді.

11. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтында IELTS халықаралық тестіне тіркеу және қабылдау орталығы 2014 жылдың 20-наурызында  ашылды.

12. 2014 жылғы 25 ақпанда бекітілген «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтындағы репетиторлық сабақтар туралы» ережеге сәйкес 26.02.2014ж. бастап «Ағылшын тілінің репетиторлық сабақтары» ашылды. Негізгі мақсат - ОҚМПИ қызметкерлері мен студенттерін ағылшын тіліне үйрету.  Нәтижесі - белгілі бір деңгейді бітіргені жөнінде сертификатқа ие, ағылшын тілін меңгерген қызметкер немесе студент. Сабақ аптасына 3 рет 1 сағаттан жүргізіледі.

13.  Ағылшын тілінде еркін сөйлеу қабілетін дамыту мақсатында институт қабырғасында  «English club» орталығы ашылды. Орталық  өз жұмысын 17.02.2014 жылы  бастады. Клуб әр бейсенбі күні сағат 17:00 – 19:00 аралығында АҚШ-тан 3 ерікті тұлғалардың  (волонтерлардың) қатысуымен жүргізіліп жатыр.

14. «Академиялық ұтқырлық» бағдарламасы бойынша 2014-2015 оқу жылының күзгі семестріне 8 студентті Латвия елінің Халықаралық Балтық университетіне және 6 студент Германия еліне Халықаралық тілдер институтына оқуға жіберілді. Осыған байланысты институт студенттері арасында іріктеу, жіберу жұмыстары  жүргізілді. Студенттерге қойылған негізгі талап - ағылшын тілінің білім деңгейін анықтауға арналған IELTS тестінің сертификатын тапсыру. 

Жүргізіліп жатқан іс шаралар:

 

Сыртқы академиялық ұтқырлық

     2015-2016 оқу жылының Академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында Латвия елінің Халықаралық Балтық университетіне 5В011900 – «Шет тілі:екі шет тілі» мамандығының  студенттері: Айдана Асқар,Ербол Базарбек,Байғазы Салтанатты сонымен қатар Болгария елінің Черноризца Храбра атындағы Варна еркін университетіне 5В010300 – «Педагогика және психология»  мамандығының 4 студенті Сарбаева Ирада, Блинова Дарья ,Омарова Бахытжан, Ахмедова Гозалмалика және 5В011100 «Информатика мамандығының  4 студенті Тұрмахан Ботагоз, Рахым Акжол , Расулов Турсынбек, Қаражан Таншолпан студенттері академиялық ұтқырлық бағдарламасы арқылы 1 семестрге оқуға жіберілді.

Сурет 1

       Латвия елінің Халықаралық Балтық университеті (Латвия)

Сурет 2

          Латвия елінің Халықаралық Балтық университеті (Латвия)

Сурет 3

    Черноризца Храбра Варна еркін университеті (Болгария)

Сурет 4

      Черноризца Храбра Варна еркін университеті  (Болгария)

Сурет 5

     Черноризца Храбра Варна еркін университеті (Болгария)

                                                                                  

                                              Ішкі академиялық  ұтқырлық

              2015-2016 оқу жылында ішкі академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту мақсатында Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтына ІІІ-семестрге  ОҚМПИ-дан  «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша       2- курс студенті Нұрмат Бағдаулет оқуға жіберілді, ал ОҚМПИ-ға  Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтынан ІІІ-семестрге «Шетел тілі:екі шет тілі» мамандығы бойынша  2-курс  студенті Файзулла Қазына оқуға қабылданды.

Сонымен қатар Сырдария университетінен ОҚМПИ-ға 2015-2016 оқу жылына V- семестрге «Химия» мамандығынан 3-курс студенттері Тешебаев Қанат,Тулентаев Алғабаспен, ІІІ-семестрге «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 2-курс студенті Крумбаева Жадыра оқуға қабылданды. ОҚМПИ-дан Сырдария университетіне V-семестрге «Биология» мамандығынан 3 курс студенттері Лесбек Лаура,Сиқынбай Назира,Сариева Жансая оқуға жіберіліп екі жақты студент алмасу жүзеге асырылды.

 

Байғазы Салтанат,Асқар Айдана жане Базарбек Ербол, Оқмпи-дің 2 курс студентіміз. біздің институтымыз  бізді 3 айға Балтық Халықаралық Академиясына (Латвия,Рига) жіберді. Институт мені ұшақ билетімен,визамен,тұрғын үймен қамтамасыз етті. Ригада тілдерді  тереңдетіп оқытады, әсіресе неміс тілін.Біз көп нәрсені білдік және үйрендік. Бізге шет елде оқыған өте қатты ұнады.Ригада біз ұмытылмас 3 ай өткіздік, барлық емтихандарды тапсырып болған соң , барлық достарымызбен Евро-турға аттандық.Біз 7 мемлекетке саяхатқа барып қайттық: Германия, Швеция, Франция, Нидерланды, Голландия, Латвия және Польша.

Біз үшін, бұл сапар баға жетпес тәжірибе болып табылады!

 

Шет елдік жоғары оқу орнында 2016-2017оқу жылдары аралығында І семестр оқыған студенттер туралы мәлімет:

  1. Балтық халықаралық академиясы , Латвия

Студенттің аты-жөні

Бағдарлама атауы

нәтиже

1

Жетес Бағым

психология

Сертификат

2

Талғатқызы Ғазиза

Бағдарламалау және компьютерлі дизайн

Сертификат

3

Тұяқбай Парасат

Аударма ісі

сертификат

4

Айтқұлова Гүлмира

психология

сертификат

5

Қалмұратова Мадина

психология

сертификат

6

Ахмет Айдана

Бағдарламалау және компьютерлі дизайн

сертификат

7

Мырзакерім Ханайым

Аударма ісі

сертификат

8

Гаипова Динара

психология

сертификат

 

 

  1. Лодзь университеті, Польша

Студенттің аты-жөні

Бағдарлама атауы

нәтиже

1

Бақтыбай Арай

Физика-информатика

Сертификат

 

Шет елдік жоғары оқу орнында 2017-2018 оқу жылдары аралығында

І семестр оқыған студенттер туралы мәлімет:

  1. Балтық халықаралық академиясы , Латвия

Студенттің аты-жөні

Бағдарлама атауы

нәтиже

1

Камитжанова Наргиза

Аударма ісі

Сертификат

2

Темирова Мадина

Аударма ісі

Сертификат

3

Абдиева Гультаза

Аударма ісі

Сертификат

4

Батырбай Диана

Аударма ісі

Сертификат

 

2) Лодзь университеті, Польша

Студенттің аты-жөні

Бағдарлама атауы

нәтиже

1

Жақия Мадина

Шет тілі:екі шет тілі

Сертификат

2

Сатиева Нурида

Шет тілі:екі шет тілі

Сертификат

3

Доброванова Елизавета

Тарих

Сертификат

4

Зухриддинова Фотима

Мектепке дейінгі білім беру

Сертификат

 

             

 

   

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті  мен  Балтық  Халықаралық академиясы  (Латвия, Рига қ.) арасында «Қос диплом» бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісім жасалған.

Қос диплом бағдарламасы - студенттерге екі жеке диплом алуға мүмкіндік береді: біріншісі өз университетінен, екіншісі серіктес-университеттен. Қазіргі таңда, «Шет тілі: екі шет тілі» /«Жазбаша және ауызша аударма» бакалавр білім бағдарламасы бойынша бакалаврды бірлесіп даярлау жөнінде жұмыс атқарылуда. ОҚМПУ-ң Шет тілі: екі шет тілі мамандығының студенттері Байғазы Салтанат және Асқар Айдана қос диплом бағдарламасы бойынша білім алуда.