Шәкірттер шетелде білім жетілдіріп қайтты

01.02.16

Шәкірттер шетелде білім жетілдіріп қайтты

Оқу ордамыздың "Арнайы педагогика" кафедрасы жанынан жасақталған  академиялық топтың студенттері Болгарияның Варна Еркін университетінде  академиялық ұтқырлық  бағдарламасы бойынша білім алып келді. Бір оқу семестрі бойына білімін толықтырған институт шәкірттері  Г. Ахмедова, Б. Омарова және Д. Блинова  жуырда елге оралды. Институт студенттерімен болған кездесуде олар академиялық ұтқырлық бағдарламасы,  сабақ өту ерекшеліктері, пайдалы  тілдік практика , кәсіптік білімді кеңейту мүмкіндігі, халықаралық  кроссмәдени топта  қарым-қатынас жасау  және  оқу тәжірибесі  туралы жан жақты әңгімелеп берді.