Тәрбие істері жөніндегі проректор

Байғұтова Ақлима Мархабатқызы

Тәрбие істері жөніндегі проректор, филология ғылымдарының кандидаты

М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институтын 1992 жылы үздік дипломмен бітірген.

Еңбек жолын 1992 жылы аталған оқу орнының қазақ тілі кафедрасының оқытушысы қызметінен бастады. 1992-1996 жж. – М.Әуезов атындағы Шымкент педагогикалық институты, Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ ШБ қазақ тілі кафедрасының оқытушысы; 1996-2013 жж. – М.Әуезов атындағы ОҚГУ, ОҚМУ Қазақ тіл білімі, Практикалық қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы; 28.10.2013 жж. – ОҚМПИ, ғылыми-зерттеу бөлімінің бастығы, 14.10.2014 ж.- «ОҚМПИ Хабаршысы» - «Вестник ЮКГПИ» журналының жауапты хатшысы, Тіл білімі кафедрасының аға оқытушысы қызметтерін атқарған.

1997-2005 жылдар аралығында халықаралық «Азаттық» радиосының ОҚО бойынша тілшісі қызметін қосымша атқарған.

2008 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі А.Байтұрсынов атындағы тіл білімі институты жанындағы Диссертациялық кеңесте «Қазақ әйелі» концептісінің этномәдени сипаты» атты кандидаттық диссертациясын қорғады.

2015 жылдың 7 шілдесінен бастап Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының  тәрбие істері жөніндегі проректоры қызметінде.  

2008 жылдан бері ҚР ҰТО ҚАЗТЕСТ-ің сарапшысы; қазақ тілін үйренушілерге арналған оқу құралдарының сарапшысы, «Жазылым» бөлігінің тест тапсырмаларын бағалау критерийлерінің әзірлемешісі.

РФ «Педагогические измерения» журналының бас редакторы, п.ғ.д., проф. В.С.Аванесов пен МГУ-дің доценті Н.П.Андрюшинаның авторлық курсының,  Мемлекеттік тілді дамыту Президенттік қоры мен Л.Н.Гумилев ат. ЕҰУ, Educational Testing Service (Білім саласындағы тестілеу қызметі, АҚШ, Принстон университеті), ETS Global ұйымдарымен бірлесіп «Тіл меңгеру деңгейін бағалау құралдарын әзірлеу және оларды жетілдіру» атты ETS сарапшысы Дэвид И.Баумның тренингі,  «Қазақ тілін екінші тіл ретінде оқыту әдіснамасы мен ҚАЗТЕСТ тапсырмаларын жетілдіру» атты республикалық біліктілікті арттыру семинарларының,  Түркия Республикасы, Анкара қаласы Гази университетіндегі TOMER «Түрік тілін оқыту, зерттеу және тәжірибе орталығы» директорының орынбасары, доктор Незир Темур мырзаның «Тіл оқыту әдістемелері мен тілдік білімді бағалау ерекшеліктері» тақырыбындағы семинар-тренингі сертификаттары мен  «Өрлеу» БАҰО АҚ сертификаттарын иеленген.

Оқу-әдістемелік және ғылыми еңбектерінің жалпы саны: 70-тен астам ғылыми мақалалары, 10 оқу құралының авторы.