Арыс мектептеріне іс сапар

28.01.16

Арыс мектептеріне іс сапар

Жуырда Арыс қаласының мәдениет үйінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты «Тарих және педагогика» факультетінің ұстаздары мен аймақтағы мектеп бітіруші түлектер арасында  Кәсіптік бағдар беру  тақырыбында  кездесу өтті. Басқосуға А. Амирханов, /«Қоғамдық пәндер кафедрасы» /   Г. Сүгірбаева,  /«Қазақстан және әлем тарихы кафедрасы»/  Ж. Сихынбаева,   /«Арнайы педагогика кафедрасы»/ А.  Мапетов /«Жалпы педагогика және психология кафедрасы»/   қатысты.   Кездесуде тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Сүгірбаева Гүлжан Даулетбекқызы сөз алып, факультеттің, кафедраның ерекшеліктері мен артықшылықтары жайлы презентациялық баяндама жасады.  Мұнан соң мектеп түлектері алдында кафедра меңгерушісі Жамила Сихынбаева мен  магистр-оқытушы Аян Мапетов та өз ой пікірлерін ортаға салды. Кездесу барысында мектеп бітірушілері көкейдегі саулдарына тиянақты жауап алды. Түлектерге оқу ордасы жайлы кеңінен мағлұмат беретін арнайы буклеттер таратылды.