Тарихшы ғалымдар марапатталды

28.01.16

Тарихшы ғалымдар марапатталды

ОҚМПИ-дің тарихшы мамандары Қазақ хандығының 550 жылдығына орай  мақалалар топтамасын жариялады. Сондай-ақ олар жалпы білім беретін мектептер мен ұйымдарда өткізілген кездесулерге қатысып, тарихи оқиғаның мән маңызы жөнінде ғылыми негізделген  баяндамалар жасады. Тарихшы-ғалымдардың бұл еңбегі ескерусіз қалған жоқ.  Жуырда институттың  Қазақстан және әлем елдері тарихы кафедрасының  оқытушылары: тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Баршагүл Исабек, доцент Гүлжан Сүгірбаева және аға оқытушы Бахадыр Айтбай «Қазақ хандығының 550 жылдығы» мерекелік медалімен марапатталды.