«Тұран» үйірмесі қызықты кеш өткізді

28.01.16

«Тұран» үйірмесі қызықты кеш өткізді

ОҚМПИ-нің «Туран» үйірмесі мүшелері Орталық Азиядағы және Қазақстандағы ұлт-азаттық көтерілісіне 100 жыл толуына орай ұйымдастырылған «1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің сипаты» атты тарихи кешке катысты. Шымкент қаласындағы А.С.Пушкин атындағы Оңтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өткен  басқосуда үйірме жетекшісі, білім ордасындағы Қазақстан және әлем тарихы кафедрасының аға оқытушысы, тарих ғылымдарының кандидаты Б.С.Айтай «1916 жыл және М.Тынышпаев» тақырыбында ғылыми баяндама жасады.  Кешке қатысушылар  патшалық Ресейдің отарлау саясатына қарсы бағытталған бұл көтерілістің тарихи мәнін жан-жақты ашып көрсетуге тырысты.  «Тұран» үйірмесінің мүшелері  басқосу барысында өздерін толғандырған сан түрлі сауалдарға тиянақты жауап алды. 

 

Жаңа пікірді жазу

CAPTCHA
This question is for testing whether or not you are a human visitor and to prevent automated spam submissions.
Image CAPTCHA
Суретте көрсетілген символдарды енгізіңіз.