Іс-Тәжірибе

 

   

             

Тәжірибе міндеттері:

Келешек орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін кәсіби дайындау үдерісінде  маңызды бөлімі педагогика тәжірибесі болып табылады.

Педагогикалық тәжірибе – оқу-тәрбие үрдісінің күрделі және жауапты кезеңі болады. Онда бір кезде және тығыз өзара байланыста бұрын бір-бірімен байланыспаған бөлімдер белсенді қатысады:

1) студенттік топ;

2) тіл мен әдебиет оқытушы-әдіскерлер, тәжірибенің жетекшілері;

3) мектептің тіл мен әдебиеті мұғалімдері, мектеп әкімшілігі;

4) оқушылар ұйымы.

Суденттер мектепке бірінші рет мұғалімдер ретінде келеді, олар өздерін жаңа рольде көрсетеді, оларды сыныпта тыңдайтын, талқылайтын бірден 25 – 30 оқушы бар. Осылардың бәрі студент-тәжірибешінің толқу, тынышызданумен байланысты. Ол сабаққа жақсы дайындалып келу керек, дегенімен ол сабақты өткізуге керекті сенімділікті береді. Педагогкалық тәжірибенің жетекшілері мен әдіскерлері студенттердің жұмыс тәртібін орындауын қатаң талап ете тұра, олардың сабаққа дайындалып келуін қамтамасыз етеді.   

Сыныпты, мектепті тәжірибешілерді «қабылдауына» дайындау, студенттерге тиісті кеңес беру, оларды мектептің жұмысына қатыстыру – педагогикалық тәжірибені ойдағыдай өткізуіне едәуір көмектеседі.

Оқушылар ұжымының тәжірибешіге және оның сабақтарына қатынасы өте маңызды. Оқушылардың (сынып басшысынан басқа) қарым-қатынасы едәуір деңгейінде студенттердің өздері қалыптастырады: сыныппен байланыс жасау, әңгіме, сынып шараларына қатысу, оқушыларға ықылас пен қамқор – осылардың бәрі жылы сезіммен жауап қайтарылады.  

Оқушылар мен судент-тәжірибешілердің дербес қасиеттерін еске алу да өте маңызды. Педагогикалық тәжірибеде тұлғаның мінезі, жігерлілігі,  психологиялық ерекшеліктері әбден айқын және өзара кішіпейілділік пен әдептілікті қажет етеді.

Тәжірибенің мазмұны:

Студенттер психология мен педагогика, орыс тілін оқыту әдістемесі, орыс әдебиетін оқыту әдістемесіне арналған арнайы курстарды тыңдады.

Тәжірибе екі кезеңде өтеді:      

I-кезең – танысу. Студент осы кезеңде мұғалімнің әдістемелік жұмысын бақылай тұра, орыс тілі мен орыс әдебиетінен әр қайсысынан кем дегенде 10 сабаққа қатысу керек. Тәжірибе барысында мұғалімнің қолымен расталынған сабақтарға қатысқан туралы фактілер, тыңдаған сабақтың қысқаша конспектісі жазылатын тәжірибешінің күнделігі жүргізіледі.

Тәжірибенің бірінші аптасында студент бекітілген сыныпта сыныптан тыс шара өткізу және психолого-педагогикалық тапсырманы (сыныпқа және үш оқушыға психологиялық мінездеме жасалынады) орындау керек.

2-кезең. Студент осы кезеңде орыс тіл мен әдебиетінен әр қайсысынан үш сабақ беру керек. Үшінші сабақ бақылау болады. Сабақтар жасалынған жоспар бойынша жүргізіледі. Өткізілген сабақтар институттың және мектептің әдіскерлері және студент-тәжірибешілерімен талқыланады.

Студенттер тәжірибешілер өткізген сабақтарға қатысады және оларды талдауға қатысу керек. Тіл білімі, қазақ және әлем әдебиеті, психология мен педагогика кафедраларының оқытушы-әдіскерлеріне және мектептің әдіскер-мұғаліміне бекітіледі.

Педагогикалық тәжірибенің басында нұсқаушы конференция, ал аяғында мектептік педагогикалық кеңесі және институтта  қорытынды конференциясы өткізіледі.

Студент тәжірибе өткізіліп жүрген кезде пайда болатын барлық сұрақтармен тәжірибені өткізетін жауапты кісіге, әдіскерге, кафедраның оқытушыларына, мектептің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдеріне жүгінуге құқығы бар. 

Тәжірибешілер педагогикалық тәжірибе өтіп жатқан мектептің ішкі тәртібінің ережелеріне бағынады, мектепт әкімшілігінің және тәжірибе жетекшілерінің өкімдерін орындайы; мектептің қоғамдық жұмысына белсенді қатысады.

Тәжірибеші -студент мектеп оқушыларына ұйымдастырушылықтың, тәртіптіліктің, еңбек сүйгіштіктің және сыпайылықтың үлгісі болу керек

Педагогикалық тәжірибесі аяқталғаннан кейін студент әдіскер-оқытушыға:

  • тәжірибешінің күнделігің,
  • пән мұғалімі мен әдіскер-оқытушысы растаған сабақтардың конспектісін,
  • тәжірибе туралы есеп
  •  пән мұғалімі мен әдіскер-оқытушысы растаған психолого-педагогикалық тапсырмаларды тапсыру керек.

Тәжірибешілер бағдарлама бойынша қарастырылған жұмыстардың барлық түрлерін мұқият және сапалы түрде орындау керек. Осы талаптарды орындамаған жағдайда тәжірибеші педагогикалық тәжірибеге қатысудан босатылып бағаланбауы мүмкін.

Топ басшысы студенттердің жұмыс кестесін жасауына қатысады, сабақтарға қатысу есебін жүргізеді, әдіскердің нұсқауын тапсырады, тәжірибе жетекшісінің кеңесі және әңгімелесуі туралы хабарлайды.   

     

2018 жылы 23 ақпанда  педагогикалық практикасының қорытындысы бойынша үшінші курс «Орыс тілі мен әдебиеті», «Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті»  мамандықтары студенттерінің педагогикалық конференциясы өтті.