Іс-Тәжірибе

Жоғары кәсіптік білім беру мекемелері студенттерінің практикасы жоғары кәсіптік білім берудің негізгі білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі болып табылады. Практика мақсаты студенттердің жоғары кәсіби білім беру бойынша кәсіби қызметтің барлық түрлерін кешенді меңгеруі, жалпы және кәсіби құзыреттілікті қалыптастыру, сондай-ақ студенттерг мамандық бойынша қажетті қабілеттерді игерту.

Кафедрада педагогикалық практика үшін қажетті оқу-әдістемелік құжаттар бар: кәсіптік практика бағдарламасы, педагогикалық практиканы ұйымдастыру және жүргізу бойынша әдістемелік нұсқаулар. 5B011200-Химия және 5B012500 - Химия-биология мамандықтары студенттерінің педагогикалық және психологиялық-педагогикалық тәжірибесін өткізу үшін келесі мектептермен келісімге қол қойылды:

1. Химия –биология бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі;

2. Физика –математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебі;

3. №1 үш тілде оқытатын мамандандырылған мектеп –интернат;

4. №2 дарынды балаларға арналған мамандандырылған үш тілде оқытатын мектеп –интернат;

5. А. Пушкин атындағы №1 мектеп -гимназия;

6. Ұлықбек атындағы №3 жалпы орта мектебі; 

7. Қ. Спатаев атындағы №7 мектеп -лицей;

8. Д.И.Менделеев атындағы №15 мектеп -лицей;

9. М.В. Лермонтова №17 жалпы орта мектебі; 

10. Ш. Уалиханова атындағы№18 жалпы орта мектебі; 

11. А.Молдагулова атындағы №29 жалпы орта мектебі; 

12. Т.Тажибаев атындағы №47 жалпы орта мектебі; 

13. Ахмета Байтурсынов атындағы №50 мектеп-гимназия;

14. Ж.Аймауытов атындағы №64 мектеп-гимназия;

15. №80 мектеп-лицей;

16. А.Аскаров атындағы №77 жалпы орта мектебі;    

17. Х. Досмұхамедов атындағы №4 жалпы орта мектебі;    

18.  №75 мектеп -лицей;

19. А.Навои атындағы №11 жалпы орта мектебі;

20. З.Космодемьянски атындағы №23 мектеп-лицей;

21. С.Ерубаев атындағы №24 мектеп-лицей;

 

Практика кезіндегі студенттердің іс -шаралары

Кафедраның кәсіби бағдар беру жұмыстары құрылған жоспарға сәйкес атқарылады. Факультеттің шығарған өкіміне қарай кафедрада әр ОП құрамына  жауапты аудан және қала мектептері бекітіліп, өкім шығарылады. Осы өкім бойынша әр оқытушы-профессорлар оқу  жылы барысында кестеге сәйкес өздеріне бекітілген мектептеріне барып, бітіруші сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырады және мамандық таңдауда кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізіп келеді. Биылғы 2019-2020 оқу жылында Химия кафедрасына  Түркістан және Кентау қалаларындағы мектептер бекітіліп берілді.

Сонымен қатар, кафедрада дайындайтын 6В01504–Химия  және 6В01507- Химия-Биология мұғалімін даярлау мамандықтары үшін жылда буклеттер жаңартылып отырады. Түркістан облысының белгіленген аудандарында, қала мектептерінде байланыс орнатылып «Білімді жастар Қазақстанның болашағы» атты тақырыпта дөңгелек үстел, кездесулер, семинарлар ұйымдастырылады. Жыл сайын облыстық және қалалық мектеп оқушылары арасында кафедрада Химиядан пәндік олимпиада жарысы өткізіледі. Сонымен қатар, Химия және Химия-Биология мамандықтарында оқитын үздік және белсенді студенттердің оқыған мектеп әкімшілігіне, ата-аналарына алғыс хат жолданады.

 Жылдағы үрдіс бойынша биыл да, яғни 22.11.2019ж. күні мектеп бітірушілер үшін «АШЫҚ ЕСІК» күні ұйымдастырылды. Алдын ала іс-шараның бағдарламасы құрылды.

22.11.2019ж. күнгі «Ашық есік»  іс шарамыздың  бағдарламасы:

1400-1500 – АШЫҚ ЕСІК күніне келген қонақтарды, мектеп бітірушілерін күтіп алу және тіркеу;

1500 –1600 - Бас корпустағы 1-ші қабаттағы (фойе) концерттік іс шараға қатыстыру (бағдарламасы қосымша берілді).

1600-1700 – Университет ішілік танысу үшін экскурсия ұйымдастыру (маршрут жолы және жетекшілері қосымшада берілді).

Қосымша:

Маршрут жолы және уақыты:

1600-1620 – Кафедраларға қарасты аудиториялармен және лабораториялық кабинеттермен таныстыру;

1620-1630 – Бас корпустағы Назарбаев орталығымен таныстыру;

1630-1640 – Бас корпустағы кітапхана және электронды залмен таныстыру;

1640-1700 – Спорт залымен, жаңа жатақханамен және рухани жаңғыру алаңымен таныстыру;