Іс-Тәжірибе

Педагогикалық іс-тәжірибиелерге байланысты іс-шаралар

Іс-тәжірибие өтетін базалар 

Факультет бойынша 13 мекемемен  іс-тәжірбие жөнінде келісім-шарт орнатылған.

  • 5В010400 – Бастапқы әскери дайындық мамандығы бойынша  -  5 мекемемен келісім-шартқа отырылған.
  • 5В010800 – Дене шынықтыру және спорт  мамандығы бойынша - 8 мекемемен келісім-шартқа отырылған.
  • Мамандық атауы

    Келісімшарт жасалған мекеме немесе ұйым атауы

    Келісім шарт жасалған мерзімі

    1.

    5В010400-Бастапқы әскери дайындық

    №7 Қ.Спатаев атындағы лицей мектебі

    05.07.2015ж.

    2.

    5В010400-Бастапқы әскери дайындық

    №77 А.Асқаров атындағы лицей мектебі

    05.07.2015ж.

    3.

    5В010400-Бастапқы әскери дайындық

    №75 мектеп-гимназия

    19.11.2015ж.

    4.

    5В010400-Бастапқы әскери дайындық

    №29 Ә.Молдағұлова  атындағы   жалпы орта мектебі

    19.11.2015ж.

    5.

    5В010400-Бастапқы әскери дайындық

    №62 Н.Төреқұлов атындағы орта мектебі

    05.07.2015ж.

    6.

    5В010800-Дене шынықтыру және спорт

    №35 М. Мәметова атындағы жалпы орта мектебі

    10.07.2015ж.

    7.

    5В010800-Дене шынықтыру және спорт

    №62 Н.Төреқұлов атындағы орта мектебі

    05.07.2015ж.

    8.

    5В010800-Дене шынықтыру және спорт

    №72 жалпы орта білім беретін мектебі

    09.11.2015ж.

    9.

    5В010800-Дене шынықтыру және спорт

    № 9 Ө. Жолдасбеков атындағы лицей мектебі

    11.11.2015ж.

    10.

    5В010800-Дене шынықтыру және спорт

    №41 А. Макаренко атындағы  жалпы орта мектебі

    08.10.2015ж.

    11.

    5В010800-Дене шынықтыру және спорт

    №7 Қ. Спатаев атындағы лицей мектебі

    05.07.2015ж.

    12.

    5В010800-Дене шынықтыру және спорт

    № 1 А. Пушкин атындағы гимназия

    12.10.2015ж.

    13.

    5В010800-Дене шынықтыру және спорт

    №2 үш тілде оқытатын дарын мектеп-интернаты

    12.10.2015ж.

Бітіруші түлектерді жұмысқа орналастыру жұмыстары.

Бітіруші түлектердің жұмысқа орналасуына кәсіптік бағдар және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы септігін тигізеді, сонымен қатар бітірушілердің бекітілгендігін және жұмысқа орналасқандығын талдайды. Басқарма бітіруші түлектерге бос орындарды анықтаумен, жұмыс берушілермен байланысты нығайтумен айналысады.  Үнемі электрондық пошта арқылы, сондай-ақ студенттердің іс-тәжірибеден өту кезінде жұмыс берушілерден  біздің бітірушілердің біліктілігін анықтау мақсатында сауалнама алынады, білім беруге арналған бағдарламалар түзіледі. Сонымен қатар бітіруші  түлектердің жұмысқа орналасуына бос орындар анықталады. Жұмыс берушілердің ұсынған бос орындардың санының көбеюімен  жастарға көмек көрсету мақсатында жыл сайын «Жас маман» жәрмеңкесі өткізіледі. Мамандарға қажеттілікті анықтау мақсатында кездесулер, презентациялар және дөңгелек үстелдер ұйымдастырылады. Түлектер ассоциациясы арқылы мекемелермен байланыс орнатылып, бос жұмыс орындары анықталып, институт түлектеріне деген қажеттілік зерделенеді. Ассоциация түлектердің жұмысқа орналасуына және жұмыс орнына бейімделуге көмектеседі. Ассоциация арқылы институт өз түлектерінің карьералық өсуін бақылайды.   Бітіруші түлектерді жұмысқа бөлу жөніндегі іс-әрекет негізінен бітіруші кафедралармен және факультет басшыларымен іске асырылады. Нәтижесінде бітіруші түлектердің жұмысқа орналасу пайызы жыл сайын 80 %-ды құрайды.

Болашақта атқарылатын іс-шаралар:

  • 2015-2016 оқу жылында факультет жоспарланған оқулықтар мен оқу құралдарын дайындау және баспадан шығару.
  • Оқытушы-профессорлар құрамын жүргізетін пәндер бойынша интерактивті тақтада сабақ өтуді арттыру.
  • Облыстық, аудандық мерзімді баспасөз беттерінде институт және мамандықтар жөнінде мақала жариялау.
  • ОЖСБ пәндері бойынша тест сұрақтарына дайындықты күшейту 1-ші курстан бастап белсендіру.
  • Көптілді білім бағдарламасы  бойынша  ағылшын тілінде 1 пәннің жүргізілуі.
  • Факультетте оқу-әдістемелік әдебиетті қазақ тілінде шығаруды көбейту.
  • Жас оқытушыларды оқу-әдістемелік жұмыстарына араласуды күшейту.
  • Сабақ беруде жаңа технология әдістерін кеңінен пайдалану.
  • Студенттер арасында спорттық жарыстар, шығармашылық кештер, өнерпаздар байқауының өткізілуін онан әрі жетілдіру.
  • Отандық және шет елдік басылымдарда жарияланым санын ұлғайту және ғылыми-практикалық конференцияларға, ғылыми жобаларға қатысу жоспарлануда.
  • Жоғары импакт-факторлы журналдарда жарияланған ғылыми мақалалардың санын көбейту.
  • Студенттердің ғылыми жұмыстарын халықаралық және республикалық конференцияларға қатысуын көбейту.
  • Кәсіби бағдар беру мақсатында облыс, қала, аудан мектептерімен үгіт-насихат жұмыстарын ұйымдастыруды күшейту.

Күшті жақтары

         Әлсіз жақтары

- Оқу үдерісінде инновациялық педагогикалық технологияларды пайдалану оқу үдерісін ұйымдас-тырудың формаларын түрленді-руге мүмкіндік береді.

- ПОҚ біліктілігін әралуан бағыт-тар бойынша, оның ішінде оқу үдерісінде оларды жүйелі түрде қолдану мақсатында инновация-лық білім беру технологиялары бойынша жоғарылату.

- ПОҚ ақпараттық қамсызданды-рылуы үшін жағдайлар құру.

- Шет тілін оқытушылардың мең-геруінің жеткіліксіз деңгейі.

- Жоғары импакт-факторлы жур-налдарда жарияланған ғылыми мақалалардың жеткіліксіз саны.

- қазақ тіліндегі әдебиеттердің жеткіліксіз саны.

 

Қолайлы мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

- Оқытушылар ұтқырлығы үшін жағдайлар құру, біліктілігін жоға-рылату және ҚР басқа жоғары оқу орындарымен тәжірибе алмасу, шет елдегі әралуан байқауларға қатысу.

- Халықаралық және республика-лық ғылыми-практикалық конфе-рен-цияларға қатысу.

- ПОҚ шет тілін меңгеру деңгейін жоғарылату үшін жағдайлар құру.

- ПОҚ ғылыми-зерттеу қызметі тиімділігінің жеткіліксіз деңгейі.

- ПОҚ дәрежелілігінің төмендеуі.

- елдегі дағдарыс құбылыстарына байланысты материалды-техника-лық қамсыздандыруға бөлінетін қаржының төмендеуі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ұсыныстар:

Жоғары сапалы білім беру қызметінің өсімін келесі негізде қамтамасыз ету: 

- Оқу-әдістемелік әдебиетті қазақ тілінде шығаруды көбейту.

- Кадрлық потенциалды өсіру үшін ғылыми атағы бар оқытушыларды қабылдау және жас мұғалімдерге магистратураға жолдама беру.

- Кафедралардың материалдық-техникалық базасын өсіру.

- Қалалық және облыстық білім беру бөлімдерімен тығыз қарым-қатынас орната отырып, кафедраларды және бітіруші студенттерді білім беру мекемелеріндегі педагогикалық кадрлар қажеттілігі жайлы мағлұматпен толыққанды қамтамасыз ету;

- Институт сайтындағы кәсіптік бағдар және бітірушілерді жұмыспен қамту басқармасы бөліміне «Бос жұмыс орындары» порталын ашу;

- Бітіруші 4-курста ауыл квотасы бойынша оқитын студенттердің педагогикалық іс-тәжірибесін ауыл мектептерінде өтуді ұйымдастыру.