Тарихы

КАРАКУЛОВА АЙГҮЛ МАДИЕВНА – шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі,

филология ғылымдарының кандидаты

Зерттеу бағыты: Салыстырмалы тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі.

2013 жылы Ұлыбритания, Бангор университеті, ғылыми тағылымдама.

Оқу әдістемелік құрал және әдістемелік нұсқаулар – 10.

Ғылыми жинақтарында және журналдарда 45 – тен аса ғылыми мақалалар жарияланған.

Шетел тілдері кафедрасы (Шетел тілдері кафедрасы) Шымкент педагогикалық институт құрылғаннан бері  жеке кафедра болып өткен ғасырдың елуінші жылдарынан бері жұмысын жалғастыруда. 

Кафедраның кадрлық әлеуеті ағылшын және неміс тілдері оқытушыларынан құралған. Қазіргі таңда кафедра 13 оқытушы-профессор құрамынан және 1 әдіскерден тұрады. Оның ішінде 2 ғылым кандидаты, 7 аға оқытушы, 2 ғылым магистрі, 3 оқытушы.

Шетел тілдері кафедрасының ОПҚ –сы екі бағытта ғылыми әдістемелік жұмыс атқаруда:

1. «Салыстырмалы тарихи, типологиялық және салғастырмалы тіл білімі».

2. «Екінші тіл ретінде шетел тілдерінің оқыту әдістемесі».  

Кафедра институттың 22 мамандықтарының 1-3 курс білім алушыларына ағылшын тілі және кәсіби бағыталған шетел тілі пәндерінен сабақ беруде.

Шетел тілдері кафедрасы институтымызда академиялық ұтқырлық стратегиясын көптілділік  жағдайын дамыту, оқытушылар мен студенттердің Европалық жоғары оқу орындарында білім алуға жағдай жасау және көптілді білім беруді дамыту мақсатында:

·         Шетел тілдері кафедрасы Академиялық ұтқырлық саясатын іске асыра отырып Отандық және шетел мамандырымен  ғылыми, әдістемелік қарым-қатынас жасайды. Тәжірибелі мамандарды дәріс, семинар, конференцияларға шақырып, тәжірибе алмасуда.

·         институтты жыл сайын білікті, үш тілді еркін меңгерген педагог кадрлармен жасақтау мониторингін жүргізілді;

·         «Үш тұғырлы тіл» жобасы бойынша Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды ​​мемлекеттік университеті және Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті базасында жұмыс істейтін көптілді білім беру орталығының профессор-оқытушылар құрамы мен білім алушыларының академиялық ұтқырлығын, тәжірибе алмасуын ұйымдастырды;          

·         жыл сайын көптілді білім беру бағдарламасы бойынша оқитын бакалавриат мамандықтарын оқулықпен, оқу-әдістемелік құралдармен қамтамасыз етілуіне талдау жүргізіледі;

·         шетелдік әріптестермен бірлесе отырып оқулық және оқу-әдістемелік құралдар жазылады;

·         шетел тілінде «Кәсіби қазақ (орыс) тілі», «Кәсіби бағытталған шетел (ағылшын) тілі» пәндерінен біріктірілген оқу бағдарламалары жасалады;                          

·         жаратылыстану ғылымдарын ағылшын тілінде оқытудың (Нидерланды, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Сингапур, Малайзия үлгісімен) халықаралық тәжірибесін үйрену және оны енгізу мақсатында кафедра оқытушыларын тәжірибе алмасу үшін шет елдерге іс-сапарларға жіберу сынды іс-шаралар атқарылуда.

2013 жылы ф.ғ.к. Каракулова А.М. Ұлыбритания, Бангор университетінде «Вербалды және вербалсыз коммуникация арқылы Еуропа және Азиялық этиникалық топтары арасындағы мәдениетаралық қарымқатынастар» атты жоба бойынша ғылыми тағылымдама өтті.

2013 жылында Германия, Дортмунд,  «ETNOS» ізденіс орталығынның директоры,  Доктор Вальтер Фризен кафедра ОПҚ-на тренинг, семинар сабақтарын өткізді.

2014 жылдың ақпан айынан кафедра ОПҚ-ы АҚШ волонтерларымен бірігіп институт студенттер және оқытушыларына «English club» үйірмесін өткізеді. Үйірме жұмысы барысында қатысушылардың мәдениетаралық қарым-қатынас ерекшеліктері және сөйлеу машығы артуда.