Іс-тәжірибе

 5В011300 – «Биология» мамандығы бойынша іс-тәжірибе барысы

5В011300 – «Биология» мамандығы бойынша 08.08.2011 ж. № 349 ҚР МЖМБС сәйкес  және жұмыс жоспарына сәйкес тәжірибенің үш түрі қарастырылған – оқу (2 семестр, 8 кредит), педагогикалық (6 және 8 семестр, 8 кредит),  диплом алды (8 семестр, 2 кредит),  тәжірибелері, олар академиялық күнтізбе және бакалаврдың жеке жоспары белгілеген мерзімде өтіледі. Тәжірибенің еңбек қажеттілігі оқу жоспарына сәйкес 20 кредит. Тәжірибенің базасы Келісімдерге сәйкес бекітілген .

Оқу тәжірибесі өсімдіктер мен жануарлар жүйесінің негіздерімен, өсімдіктер мен жануарлардың құрылымының жекелеген бөліктерінің морфологиялық және анатомиялық ерекшеліктерімен танысу мақсатында жүргізіледі. Осы мақсатпен дендропарк, зоопарк және т.б. базасында оқу дала тәжірибесі ұйымдастырылады.

Педагогикалық тәжірибе өз бетінше жұмыс жасау барысында білім беру мекемелерінде педагог қызметінде кәсіби біліктілікті жетілдіруге, негізгі құзіреттерді пысықтауға, өзінің педагогикалық іс әрекетінде кәсіби құзіреттерді қалыптастыру және жеке стилін табуды үйретуге бағытталған.

Диплом алды тәжірибесі ҚР МЖМБС сәйкес Шымкент қ. зоопаркі, дендропаркі, Кентау қ. Қаратау мемлекеттің табиғат қорығы сияқты базаларда өтеді.

  «Биология» кафедрасы оқу және педагогикалық тәжірибеден өтуге арналған келісім шартқа ие.

1) Назарбаев зияткерлік мектебі (Шымкент қ.)

2) З.Космодемьянская атындағы №23 мектеп – лицейі (Шымкент қ.)

3) Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп – гимназия (Шымкент қ.)

4) Т.Тажибаев атындағы №47 мектеп – гимназия (Шымкент қ.)

5) С.Ерубаев атындағы №24жалпы орта мектеп (Шымкент қ.)

6) Ө.Жолдасбеков атындағы №7 мектеп – лицейі (Шымкент қ.)

7)А.Асқаров атындағы №77 мектеп – лицейі (Шымкент қ.)

8) Қ.Спатаев атындағы №7 мектеп – лицейі (Шымкент қ.)

9) Н.Оңдасынов атындағы № 38 гуманитарлық мектеп-гимназия (Шымкент қ.)

     

  

С.Ерубеав атындағы №24 мектеп-гимназиясында

Кафедра меңгерушісі:   А.Айтбаева